Шағын СЭС үшін гидротурбина үлгісі жасалды
23.11.2017
5537
Ш. Шокин атындағы Қазақ энергетика ғылыми-зерттеу институтының ғалымы, т.ғ.д., профессор Қошымбаев Марат Болатұлы шағын СЭС-ке арналған қысымы аз гидротурбинасын жетілдірді. Жобаны жүзеге асыру барысында тура ағынды гидротурбинаның зертханалық үлгісіне тәжірибе жасалды.
Жобаның мақсаты – еліміздегі таза қуат көздерін жетілдіру. Қысымы аз жаңа конструкциялы гидротурбина агрегаттардың жұмыс беріктігін арттырады.
Автор жобасы туралы 2015 жылы 8 мақала жарыққа шығарған, оның 3-еуі шетелдік басылымдарда жарық көрген.
"ҰМҒТСО" АҚ
Қоғаммен байланыс бөлімі
| «« | »» |