Ғылыми жаңалықтар

Springer Publishing – Ғылыми зерттеулерге жол

21.11.2013

4951

2013 жылы 21 қарашасында «Ұлттық ғылыми – техникалық ақпарат орталығы»АҚ Springer GmbH-ның клиенттерге қызмет көрсету орталығымен бірлесіп «Springer Publishing – Gateway to the Scientific Research» тақырыбында ақысыз оқыту тренинг-семинарын өткізді.

Тренинг қатысушылары құрамына Springer Protocols (Хаттамалар), Springer Materials (Материалдар), Springer Images (Суреттер), Zentralblatt MATH (Орталық газет) және де басқа материалдар енгізілген Springer-нің электронды толық мәтінді платформасымен танысты.

Баяндамаларымен сөз сөйлегендер: Асда Котани (Asdaa Kotani) – вице-президент «Springer-ге кіріспе, Қазақстандық ғылымға шолу», «Нарық және ақпарат қорларын қолдану бойынша зерттеу»; Ситки Акташ (Sitki Aktas) – сату жөніндегі директор «Springer өнімін енгізу», «Springer мұрағаты»; Тафир Атта (Thafeer Atta) –маркетинг бойынша менеджер «Springerlink платформасын оқыту және жаңа жаңартулар» және Алиаксандр Бирукоу (Aliaksandr Birukou) – бас редактор «Журналдарда, конференция және кітаптардың материалдар жиынтығында ғылыми зерттеулерді жариялау».

Сонымен қатар Springer өкілдері жалпы саны үш жүзден асатын аудиторияның, көптеген сұрақтарына жауап берді.

Аталған іс-шара Springer қорының мүмкіндіктерін қолдана отырып, отандық ғылыми мақалалардың деңгейін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.


«« | »»
Соңғы жаңалықтар