Ғылыми жаңалықтар

Өскеменде Түркі жазбалары мен мәдениеті күндеріне арналған шаралар өтті

23.05.2016

7027

Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің тапсырысы бойынша Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай Өскемен қаласында «Түркі жазбалары мен мәдениеті күндері» аталып өтті.

Көне түркілік әліпби мен түркі халықтарының бүгінгі мәдениетін насихаттауға арналған бұл іс-шарада ежелгі түркі жазуының кешегісі мен бүгінгісі талқыланып, түркологиядағы қордаланған мәселелердің шешімін табу жолдары іздестірілді.

Іс-шара аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің мәжіліс залында «Түркі жазба мәдениеті: тарихи тағлым және тәуелсіздік мұраттары» атты республикалық ғылыми-теориялық конференция өткізілді. Конференцияға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің өкілдері, жетекші түрколог-ғалымдар, өнер және қоғам қайраткерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Конференцияны С.Аманжолов атындағы ШМҚУ стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор, профессор Б.Ердембеков құттықтау сөзімен бастап, конференцияның жұмысына сәттілік тіледі.

Конференцияға қатысушылар түркі жазбаларына қатысты түсірілген бейнесюжетті тамашалап, Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, ф.ғ.д. Қаржаубай Сартқожаұлының «Қадым ұйғыр графикасымен жазылған мәтін» атты баяндамасын қызыға тыңдады. Іс-шараның екінші бөлімі Шығыс Қазақстан облысының өлкетану мұражайындағы лекторийге ұласты. Мұнда төл мұрамыз болып табылатын жазба ескерткіштердің географиялық, мазмұндық және дәуірлік мәніне арналған ғылыми-танымдық сипаттағы дәріс оқылды. Конференцияның жабылу рәсімі ретінде ұсынылған концерттік бағдарлама түркі халықтарының өнері мен мәдениетіне арналды.


Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар