Қазақстанның білім саласындағы кәсіпорындарының Ұлттық бизнес-рейтингінде алтын жүлдені Павлодарлық қызмет көрсету және тамақтану колледжі, Май аграрлық-техникалық колледжі және Баянауыл аграрлық-техникалық колледжі алды, деп хабарлады білім басқармасының қызметкері Балжан Әділханова.
Рейтингтің «күмісін» Павлодар автомобиль көлігі колледжі мен қызмет көрсету саласының колледжі алса, «қоласын» политехникалық және инновациялық колледждер (Павлодар) еншіледі.
Павлодарлық қызмет көрсету және тамақтану колледжі Павлодар облысының кәсіпорындары арасында І орын және Қазақстан Республикасының кәсіби-техникалық білім берудің 36 кәсіпорны арасында VII орын алып, сол үшін «Сала көшбасшысы-2015» атағына ие болып, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық көшбасшыларының тізіміне енгізілген.
Павлодар қызмет көрсету және тамақтану колледжінің басшысы Гүлмира Шұғабаева Ұлттық бизнес-рейтингті ұйымдастыру комитетінің «Кәсіби еңбегі үшін» медалімен және «2015 жылдың үздік басшысы» аталымында Ұлттық сертификатпен марапатталды.
Басшының оқу-өндірістік жұмыс бойынша орынбасары Шолпан Ғалиева «Жыл маманы-2015» аталымында, ал колледждің бас есепшісі Ольга Опенлендер - «Бухгалтерлік есеп және аудит» аталымында ұлттық сертификаттармен марапатталды.
Ресми халықаралық марапаттау рәсімі Астана қаласында 2016 жылдың наурыз айында Ресей, Беларусь, Украина, Әзербайжан, Грузия, Өзбекстан Ұлттық бизнес-рейтингтері одағына қатысушы елдердің көшбасшы кәсіпорындарының қатысуымен өтеді.
Дереккөзі: inform.kz