Ғылыми жаңалықтар

Қазақстанда энергетика және машина жасау саласында 57 ғылыми жоба жүзеге асырылуда

02.10.2015

5724

Қазақстанда энергетика және машина жасау саласында 57 ғылыми жоба жүзеге асырылуда. Бұл туралы бүгін Қазақстан машина жасаушыларының үшінші форумында ҚР БҒМ Ғылым комитеті төрағасының орынбасары Амандық Төлешев мәлім етті.
«Қазіргі кезде машина құрылысы бағатында 2015-2017 жылдарға арналған гранттық қаржыландыру аясында энергетика-машина жасау басымдықығы бойынша 2015 жылға жалпы қаржыландыру көлемі 746 млн. теңге сомасындағы 57 ғылыми жоба жүзеге асырылуда», - деді А. Төлешев.

Сонымен қатар ол Ұлттық ғылыми кеңес ғылым, энергетика және машина құрылысы басымдығы аясында машина жасау саласында 2016-2018 жылдарға арналған мамандандырылған бағыттарды қалыптастырғанан атап өтті.

«Бұл тұрғыда көліктік және құрылыс саласындағы машина жасау, ауыл шаруашылығы машинасы, тау-кен, металлургия және мұнай-газ, сондай-ақ электротехникалық машина жасау бағыттары қамтылды»,-деді ол.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар