Өзектi

Әлемдегі тақтатас газы өндірісінің жай-күйі

24.08.2015

6476

«Ұлттық ғылыми-техникалық ақпарат орталығы» АҚ-ның сарапшылары Әділ Ыбыраев пен Архимед Жанғазиев дүниежүзінждегі тақтатас газын өндіруге қатысты «Дүниежүзінде тақтатас газын өндіру және даму келешегі» деп аталатын сараптамалық ғылыми жұмыстарында: «Осыдан 5-6 жыл бұрын тақтатас газы жайында тиісті мамандар ғана білуші еді. Ал қазір жершары тұрғындарының көпшілігі тақтатас газын өндіру кең талқылып, айрықша қызығушылық танытуда», - деп жазады. Расында да соңғы кездері Ресей мен Батыстың арасындағы экономикалық дүрдараздықтан кейін тақтатас газын өндіру мәселесіне қатысты түрлі пікірлер айтыла бастағаны белгілі. «ҰҒТАО» АҚ-ның сарапшы мамандары татақатас газын өндіру ісіне қатысты ғылыми тұрғыдан ой тұжырымдап, көпшілік назарына құнды мәліметтер ұсынады. Осы ретте біздер әлемдегі тақтатас газына қатысты маңызды мәліметтердің инфографикаға айналдырдық.

"ҰҒТАО" АҚ Қоғаммен байланыс бөлімі

«« | »»
Соңғы жаңалықтар