EXPO-2017

ЭКСПО-2017 көрме кешенiнiң құрылысы 2016 жылы аяқталады - Т. Ермегияев

24.10.2013

7094

ЭКСПО-2017 көрме кешенiнiң құрылысы 2016 жылы аяқталады. Бұл туралы бүгiн "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" АҚ Басқарма төрағасы Талғат Ермегияев мәлiм еттi.

"Қазiргi уақытта көрме кешенiнiң тiркеу құжаттамасын бiз мемлекеттiк органдарға жолдадық. Менiң ақпаратым бойынша, ҚР Президентiнiң Әкiмшiлiгiнде қаралуда. Одан кейiн, 29 қазанда мемлекеттiк комиссияның мақұлдауына жiберiледi. Бұдан соң, бiз оны Халықаралық көрме бюросына таныстыратын боламыз. ЭКСПО көрме кешенiн салып бiтiруге үлгеремiз. 2016 жылы құрылысты аяқтауға тиiспiз. Көрменiң басталуына жарты жыл қалғанда оны iске қосып, сынақтан өткiзуiмiз қажет", - деп атап өттi ол.

Айта кетейiк, бүгiн Астанада ЭКСПО-2017 көрме кешенiнiң үздiк эскиз-идеясы Халықаралық архитектуралық конкурсының қорытындысы шығарылды. Байқау жеңiмпазы Adrian Smith+Gordon Gill Architecture архитектуралық компаниясы болды.

ЭКСПО нысанының жалпы аумағы - 173,4 гектарды құрайтын болады. Оның iшiнде 25 гектар көрме кешенiнiң өзiне тиесiлi, әлеуметтiк-мәдени, бiлiм және ғылым, денсаулық сақтау нысандары, сауда және ойын-сауық орталықтары, саябақтар, желекжолдар орналасады. Көрме павильондарының ауданы - 118 620 шаршы метр, қызмет көрсету аймақтары - 95 400 шаршы метрдi, сондай-ақ тұрғын үй - 586 465 шаршы метрдi құрамақ. ЭКСПО қалашығын Есiл ауданында, Қабанбай батыр, Хусейн бен Талал, Орынбор және Рысқұлов көшелерi мен даңғылдарының аумағында салу жоспарланған.

Ақпарат көзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар