Ғылыми жаңалықтар

ЭКСКЛЮЗИВ: KazEOSat-1 спутнигі Қарағанды облысындағы су тасқынын ғарыштан суретке түсірді

15.04.2015

5015

Орбитада тестілік режімде жұмыс істеп жатқан KazEOSat-1 қазақстандық жерді қашықтықтан зондтау спутнигі Қарағанды облысындағы су тасқынын суретке түсірді.
«Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰК» АҚ мамандары ғарыштан түсірілген суреттерді өңдеп, оларды ҚР ІІМ ТЖ Комитетінің қызметкерлеріне тапсырды.

Бұрын хабарлағандай, Қазақстанда Жерді қашықтықтан зондтаудың толыққанды ғарыш жүйесін құру аяқталып жатыр. Ол «KazEOSat-1» және «KazEOSat-2» Жерді қашықтықтан зондтау спутниктерінен, спутниктерді жерден басқару кешенінен, жерден ЖҚЗ мәліметтерін қабылдау, өңдеу және таратуға арналған кешеннен тұрады.

«ЖҚЗ өз жүйесінің болуы еліміз үшін үлкен стратегиялық маңызға ие. Мәселен, көктемгі су тасқыны жайлы бұл ақпарат біз үшін өте бағалы және ол бізге қажет», - деп атап өтті ТЖК қызметкерлері.


Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар