Ғылыми жаңалықтар

Kazatomexpo 2015

14.04.2015

4753

Ұлттық ядролық орталық Астана қаласында 2015 жылғы 7 – 9 сәуір аралығында өткен «Атом энергетикасы және өнеркәсіп» Kazatomexpo 2015 6-шы қазақстандық халықаралық көрмесіне және «Энергетика, электротехника, энергетикалық машинажасау» 5-ші қазақстандық халықаралық көрмесіне қатысты.

Kazatomexpo көрмесі – атом энергетикасы және өнеркәсібі, машинажау және аралас салаларда жұмыс істейтін мамандарға арналған кәсіби оқиға.

Kazatomexpo-ға Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму министрлігі, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ, «Росатом» атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорациясы, «Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы» РМК және «Ядролық технологиялар паркі» АҚ ресми қолдау көрсетеді.

Бас директор Эрлан Батырбековтың сөйлеген сөзінде «Қазақстандық «Power Astana», «Kazatomexpo», «MachExpo Kazakhstan» және «NDT Kazakhstan» халықаралық көрмелері – жаңа серіктестер іздеу, жинақталған тәжірибемен бөлісу үшін тамаша алаң. Көрмелерге қатысу атом, машинажасау, энергетикалық және аралас салалардағы ғылыми-техникалық ынтымақтастықты дамытуға және нығайтуға жақсы ықпал ететіндігіне сенімдімін»,-делінген.

ҚР Ұлттық ядролық орталығының жетістіктерінің тұсаукесері көрмеге қатысушылардың зор қызығушылығын туындатты, басқа ұйымдармен өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге ықпалын тигізді.

Дереккөзі: nnc.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар