Иран Ислам Республикасының Сыртқы iстер министрi Мохаммад Джавад Зарифке Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң құрметтi докторы атағы берiлдi. Диплом мен мантияны бүгiн университет президентi Мақсұт Нәрікбаев табыстады.
«Бiздiң университеттiң оқу кеңесiнiң шешiмiмен Иран Ислам Республикасының Сыртқы iстер министрi Мохаммад Джавад Зарифке Қазақ гуманитарлық-заң университетiнiң құрметтi докторы атағын беру жөнiнде шешiм қабылдады. Оған мантия мен құрметтi ғылым докторы дипломын табыстауға рұқсат етiңiздер», - деп атап өттi ол.
Оның атап өткенiндей, Қазақстан мен Иран елдерiн достық қарым-қатынастар байланыстырады.
«Астанаға қош келдiңiз. Бiздiң студенттер үшiн өткiзген дәрiсiңiз қызықты өттi. Сiзге сұрақтар қойған студенттер болашақ дипломаттар мен халықаралық қатынастар мамандары. Олар үшiн бұл дәрiс өте маңызды», - деп атап өттi университет президентi.
«Менiң жұмысыма үлкен баға бергендерiңiз үшiн алғыс айтамын. Иран мен Қазақстан арасындағы қатынастар жоғары сапалы деңгейге көтерiлуде. Бiз өзара тиiмдi ықпалдастыққа дайынбыз», - дедi Мохаммад Джавад Зариф.
Дереккөзі: inform.kz