Ғылыми жаңалықтар

Талдықорғанда ректорлар ағаш екті

14.04.2015

4944

Талдықорғандағы «Жастар» саябағында «Білім аллеясы» пайда болып, оған еліміздегі ең беделді университеттердің ректорлары ағаш екті, деп хабарлады zhetysu.gov.kz.
Сонымен қатар, жоғары оқу орындарына бөлінген әкім грантының болашақ иегерлері - 90 оқушының да отырғызған көшеттері «Білім аллеясының» қатарын толықтырды. Бұл күні «Жастар» саябағына жалпы саны 100 тал егілді.

Естеріңізге салсақ, Талдықорғанда Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың ректорлар корпусымен кездесуі барысында екі жақты меморандумдарға қол қойылып, болашақ грант иегерлеріне сертификаттар табыс етілген болатын.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар