Ғылыми жаңалықтар

«Самұрық-Қазына» Қоры жүзеге асырып жатқан дуальды оқыту жүйесі 32 мамандықты қамтыды - Г. Раисова

26.03.2015

4904

«Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат Қорының тоғыз компаниясы дуальды оқыту жүйесін жүзеге асыру барысында 41 колледжбен 32 мамандық бойынша әлеуметтік серіктестік туралы келісімшарт жасады. Бұл туралы кеше Алматыда «Кадрлық резерв, кәсіптік бағдар және дуальды оқыту» форумын қорытындылаубойынша өткен «Дөңгелек үстел» барысында «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ департамент директоры Гүлмира Раисова мәлімдеді.
«2015 жылдың наурызына қарай, дуальды оқыту жүйесін жүзеге асыру аясында Қордың тоғыз компаниясы 41 колледжбен әлеуметтік серіктестік туралы келісім-шарт жасасты. Осылайша, аталған қордың компанияларында сұранысқа ие 32 мамандық бойынша 1400 астам студент қамтылды. Бұл шара дуальды оқыту жүйесінің жол картасын жүзеге асыру бойынша жүргізіліп отыр. Ол туралы Елбасы өзінің халыққа Жолдауында да айтқан болатын» - деді Г. Раисова.

Форумда сонымен қатар, «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық Атом Компаниясы» АҚ холдингі үшін дуальды оқыту жүйесін дамыту және кәсіпорындар мен оқу орындарының өзара әрекеттестігін арттыру арқылы білікті мамандар даярлау мәселесі де талқыланды.
Форумға «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ, ҚР Білім және ғылым және Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктері, «ПНХЗ» ЖШС және дуальдық оқыту жүйесі бойынша әлеуметтік серіктестік туралы келісім-шарт жасасқан колледжер мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ кәсіпорындарының өкілдері қатысты.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар