Ғылыми жаңалықтар

ИЫҰ Бас хатшысы ҚазҰУ-де дәріс оқыды

30.10.2014

6080

Бүгін Алматыда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ияд бен Амин Маданидің ашық дәрісі өтуде.
Оған университеттің оқытушы қауымы мен Шығыстану, Халықаралық қатынастар және Журналистика факультеттерінің журналистері қатысты.

Дәріс басталар алдында университет ректоры, техника ғылымдарының докторы, профессор Ғалымқайыр Мұтанов ҚазҰУ-дің Ислам әлемінің жоғары оқу орындарымен арадағы ынтымақтастықты кеңейтіп, одан әрі дамытуға күш салып жатқандығын жеткізді.

«Бүгінгі таңда университетте Таяу Шығыс елдерімен ынтымақтастық орнату жұмыстары қарқынды жүруде. Өткен жылы біз Иорданияның ғылым және технология университетімен ғылым және білім саласында ынтымақтасу жөнінде ортақ келісімге келіп, сол университетте «әл-Фараби» ғылыми-білім және мәдениет орталығын аштық. Енді таяу болашақта Түркия елінде де осындай орталық ашуды жоспарлап отырмыз»-деді өз сөзінде Ғ. Мұтанов.

Сонымен қатар, Ғалымқайыр Мұтанов Шығыстың ұлы ғалымы және ойшылының есімімен аталған университет ұжымы өзіне жүктелген жауапкершіліктерді жақсы түсінетіндігін атап өтті.

«Біздің университет Шығыстанушы-дипломаттарды даярлау бойынша еліміздегі базалық жоғары орны болып табылады. Сондықтан да біз бүкіл Ислам әлемімен арадағы рухани және мәдени байланысты жақсы сезінеміз. Және осы байланыстың нығая түсуіне мүдделіміз» - деді Ғ. Мұтанов.

Осыдан кейін, сөз алған Ислам ынтымақтастық ұйымының Бас хатшысы Ияд бен Амин Мадани қазақ халқының қонақжайлығына ризашылығын білдіре отырып, ашық дәріске жиналғандарға аталмыш ұйымның тарихы мен халықаралық аренада алатын орны жөнінде баяндама жасады.

Ашық дәріс одан әрі жалғасуда.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар