Ғылыми жаңалықтар

АҚШ-тың құпия ғарыш кемесі Жерге оралды

20.10.2014

7363

ҚШ ӘӘК Х-37В ұшқышсыз ғарыш кораблі Ванденберг әскери әуе базасына ойдағыдай қонды, деп хабарлады ТАСС.

Ғарыш кораблі орбитада 674 күн немесе 22 ай болып қайтты. Бұдан бұрын хабарланғандай, миссия АҚШ қорғаныс министрлігі мүддесіне орай жүзеге асырылды. Аппарат 2012 жылғы желтоқсанда Канаверал мүйісінен (Флорида штаты) Atlas 5 зымыран тасығышының көмегімен ұшырылған.

Х-37В кезекті миссиясы нені қамтитыны туралы мүлдем ештеңе айтылмады. Сарапшылар ғарыш кораблінің бортында барлау тетігі болуы мүмкін деп болжауда.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар