Ғылыми жаңалықтар

«Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру конкурсы жарияланды

20.10.2014

6848

ҚР Білім және ғылым министрлігі «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағын беру үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес конкурс өткізіледі.
Конкурсқа ЖОО-ның штаттық оқытушылары болып табылатын және байқауға құжаттарын тапсыру сәтінде кемінде бес жыл үзіліссіз ғылыми-педагогикалық өтілі бар Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

«Жоғары оқу орындарының ректорлары үстіміздегі жылғы қазанда конкурстың жоғары оқу орныішілік кезеңін өткізуді ұйымдастырады, байқауды өткізу тәртібі дербес анықталады. Бұл ретте, соңғы бес жылдағы сапалық және сандық көрсеткіштер негізге алынады»,-делінген ҚР БҒМ мәліметінде.

Республикалық кезеңге конкурсқа қатысушылардан құжаттарды қабылдау мерзімі 2014 жылғы 1 қарашадан 21 қарашаға дейін өткізіледі.

Автор: Руслан Ғаббасов

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар