Ғылыми жаңалықтар

Үлбі зауытының үлгілі істері

17.10.2014

6416

Үлбі металлургиялық зауытының өнертапқыштар ұжымы «РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» республикалық байқауының «Ең үздік өнертапқыштық ұсыныс» аталымы бойынша ақтық мәреге шықты.

ҮМЗ қызметкерлері мұндай байқауларға бесінші рет қатысуда. Биылғы жылы өздерінің өнертапқыштық ұсыныстарын тантал өндірісінің жаңашылдары ұсынды. №69 цех бастығы Александр Ангилевко; құрылымдаушылық-технологиялық топтың инженер-технологі Николай Лебедев, №10 цех бастығының орынбасары – технолог Виктор Цораев және орталық ғылыми-зерттеу хертханасындағы металлургиялық үрдістер тобының жетекшісі Геннадий Гайнцев. Байқауға олар «Модификациялау қосындысы ретінде иттрий тотығының орнына металл иттрийді қолдану жолымен тантал құймаларын өндіру технологияларын өзгерту» атты еңбектерін жолдады.

Қазіргі таңда Үлбі металлургиялық зауытында иттриймен модификацияланған тантал өнімдері өндіріледі. Ол жоғарғы температура жағдайында жасалынатын табақтар, ленталар, жұқалтыр, конденсаторлық сым және басқа да бұйымдар. Бертінгі дейін иттриймен қосындыланған танталдан жасалынған құймаларды балқытқан кезде, доғалы вакуумдық гарнисаждық пештерде модификациялау қоспасы ретінде иттрий тотығы қолданылған-ды. Өнертапқыштық ұсыныстан соң технология өзгеріске ұшырап, танталдың модификациялау үрдісіне итрий тотығын емес, металл иттрийді қосу жүзеге асырылатын болды. Нәтижеде металл иттрийді қолдану өнім сапасын айтарлықтай жақсартты – дайын тантал құймаларындағы оттегі қоспаларының салмақтық үлесін төмендетті. Сонымен қатар, иттрий тотығынан металл иттрийге ауысу реагенттер шығысына жұмсалынатын шығындарды анағұрлым төмендетуге жеткізеді. Жалпы алғанда, енгізуден түсетін экономикалық тиімділік жылына 13 жарым миллионнан жоғары теңгені құрау жоспарлануда.

«РАЦИОНАЛИЗАТОР.KZ» республикалық байқауын Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің қолдауымен Технологиялық даму бойынша ұлттық агенттігі осымен бесінші жыл қатарынан өткізілуде. Бұл байқау «Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы» аясында өткізілуде. Финалға шығушылар «Ең үздік өнертапқыштық шешім» және «Кәсіпорындағы өнертапқыштықты ең үздік қолдау жүйесі» номинациялары бойынша анықталады.

«« | »»
Соңғы жаңалықтар