Шығыс Қазақстан командасының құрамындағы Өскемен мен Зырянов ауданының жалпы білім беретін мектептерінің оқушылары IV республикалық астрономиялық турнирдан қола жүлдемен оралды.
Осыған дейін хабарланғандай, астрономиялық турнир жалпы білім беретін мектеп оқушыларының астрономия, физика, космонавтика салаларындағы және ғарыш пен ғарыштық технологиялар туралы білімдерін жетілдіру мақсатында өткізілді.
Аймақтық білім басқармасынан хабарлағандай, турнир Алматыдағы «Бөбек» ұлттық ғылыми-тәжірибелік және сауықтыру орталығының базасында өтті, оған Қырғызстан мен Қазақстан командалары қатысты.
Турнирдің жабылу салтанаты кезінде ШҚО-ның төрт оқушысына, атап айтқанда, Өскемен мектептерінің оқушылары Нұрлыбек Ерданға (11 сынып, Жамбыл атындағы облыстық гимназия-интернаты - арнайы мектебі), Карина Чановаға (10 сынып, №27 мектеп), Абылай Айтқазинге (9 сынып, № 10 мектеп-гимназия) және Зырянов ауданындағы Чапаев атындағы мектептің 8 сынып оқушысы Анастасия Преснецоваға ІІІ дәрежелі дипломдар табысталды.
«Астрономиялық турнирде балалар күрделі зерттеу және ғылыми мәселелерді талқылауда өз пікірлерін білдіріп, білімдерін көрсетті», - деп атап өтті білім басқармасында.
Дереккөзі: inform.kz