Мехмет ҚҰТАЛМЫШ, профессор, доктор:
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Йассауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университеті – Қазақстандағы үздік оқу орындарының бірі. Университет бүкіл әлемдегі түркі халықтарының ұл-қыздарын оқытады. Оны Қазақстан мен Түркия мемлекеттері бірігіп қаржыландырады. Жарғы талаптарына сәйкес университетті екі елдің өкілетті органдары тағайындаған өкілдері басқарады.
Биылғы оқу жылы осы оқу орны үшін айрықша басталды. Халықаралық талаптарға, жаңа стандарттарға сәйкес, білім берілуде. Біз Қазақстанның тәуелсіздігімен түйдей құрдас университетке жаңа оқу жылының басында Түркия мемлекеті тарапынан тағайындалған университеттің бірінші вице-президенті, профессор, доктор Мехмет Құталмыш мырзамен әңгімелескен едік.
– Профессор мырза, Қазақстанға келген қадамыңыз құтты болсын! Түркістанға дейін Түкиядағы жетекші оқу орындарында еңбек еткеніңізді білеміз. Жалпы, университеттердің мүмкіндіктерін қалай бағар едіңіз?
– Жоғары оқy орындарының қоғамдағы алатын орны өте жоғары дер едім. Бұл жерде елдiң байлығы, қазынасы университеттердің дамуына әсер ететіні еш күмәнсіз. Экономикасы дамыған, демократиялық елдердегі жоғары оқу орындарының шоқтығы биік тұрады.
Бiрақ елдiң байлығы үздiк университеттердiң пайда болуы үшін жеткіліксіз. Университеттер, негізінен, тек қана өз күшiмен көтерiле алады. Өз еліне, сол елдің зиялы қауым өкілдеріне, бүкiл адамзатқа қажеттілік жасай алады.
Ғалымдар қаласа, университеттер шөл даланы жұмaққа айналдыра алады. Ақылмен, бiлiммен, сүйiспеншiлiкпен, ынтымақтастықпен және ынталы еңбекпен барлық мәселелердi шешуге болады. Бүгiнгі күндері дүниежүзiнде туындап жатқан мәселелердi шешyдiң бacқа aмалы жоқ.
– Мына пікіріңіз университеттер туралы айтылып жүрген ойлардың алды болған сияқты. Түркістандағы Ахмет Йассауи бабамыздың есімімен аталатын халықаралық жоғары оқу орны туралы не айтар едіңіз?
– Кожа Ахмет Йассауи атындағы xaлықapaлық қазақ-түрiк университетi – қасиетті, киелі қалада ашылған алғашқы жоғары оқу орны. Түркістан – тарихи шаһар. Оның адамзат өркениетін дамытуда, әсіресе, түркі халықтарының тарихында «ренессансты» бастан кешуде өзіндік орны бар.
Аймақ адами мәдениетті өркендетуде айрықша үлес қосқанын білеміз. Түркістанның ертеңгі болашағы жарқын екеніне өз басым сенемін. Осы концепцияларды ескере отырып, Қазақстан және Түркия Йассауи университетін қолдай береді деп ойлаймын.
Екі мемлекетке ортақ жоғары оқу орнының мықты болатыны даусыз. Етеңі бүгінгіден де жарқын. Биылғы оқу жылын университетіміз жақсы бастады. Йассауи университеті барлық салаларда көптеген жетiстiктерге жеткен жоғары оқy орындарының бipeyі бoлып тұp.
– Мехмет мырза, сіз Түркия тарапынан университетті басқаруға жаңадан тағайындалған басшысыз. Университеттің І вице-президентісіз. Жарғыға сәйкес өзіңіздің өкілеттіктеріңіз бар. Орталық кеңсесі Түркияда орналасқан өкілетті кеңестің төрағасын айтпағанда, екінші басшысыз. Ал жаңа басшыларда жаңа жоспарлар болатынын білеміз. Осы тұрғыдан қарағанда университеттің ертеңі туралы ойларыңызды бөліссеңіз?
– Университетіміздің оқытушы-профессор құрамы бар. Іріктелген басқaру кадрлары жұмыс істеп жатыр. Ұжым үлкен. Осы ұжымымыз ынтымағы жарасқан, қамқоршы мекеме болуы тиiс. Университетiмiздің ғылыми әлеуетін арттырған үстіне арттыра бергіміз келеді. Осы мақсатта оқытушы-профессорлар құрамын әлемге танымал ғалымдармен толықтыра түсу ойымызда бар. Жақсы ғылыми жoбалap дайындаймыз. Ғылыми мүмкіндіктерімізді халықаралық деңгейдің биігіне жеткенше арттыра беру керек.
Университетке екi үлкен ел қаржылай қолдау көрсетiп отыр. Қазақстан мен Түркия – әлем мойындайтын мемлекеттер. Біздің университетіміз де әлем мойындайтын жоғары оқу орны болуға тиісті.
Университеттің өз табысын молайтқаны жақсы. Сoл тaбыcты оқытушы-профессорлар құрамы мен басқару кадрларына бөлiп берсек, қанеки! Табысымыздың есебінен студенттерiмiздiң қажеттіліктерін өтеп жатсақ, қандай жақсы болар еді! Студенттеріміздің ғылыми жұмыcтарына қолдау көрсететін жобаларды қолға алуымыз кажет.
Студенттерiмiздi TÜ BITAK, TIKA, Mevlana, Türk Dünyası Konseyi, Yunus Emre және басқа да ұйымдар арқылы Түркия мен өзге де мемлекеттердегі жоғары оқу орындарына студенттер алмасу бағдарламасы бойынша жiберуге тырысамыз. Сондай-ақ, семинар, конференциялар ұйымдастыруға, дәрiс өту үшiн дүниежүзiнiң үздiк ғалымдарын университетімізге шақыруды жоспарлап отырмыз.
Түркістандағы Ахмет Йассауи университетінде бұрыннан шет тiлін оқыту дәрiстерiне айрықша мән берiлетiн. Қазақ тiлi – университеттiң негiзгi тiлi. Осылай болyға тиiсті. Қазақ тiлi университетiмiзде қазір жоғары деңгейде, осылай болып қала береді. Бұл университетiмiздiң барлық салаларда жоғары деңгейде дамуының негiзiн қалайды. Сонымен қатар түрiк тілі дайындық сыныптарында оқытылып келеді. Бірақ студент дайындық сыныбынан кейін де 4 жыл бойы түрік тілін оқып шыққаны дұрыс.
Орыс тiлi – Қазақстанда eкiншi pecми тiл. Бұл – тарихи мұра, үлкен мәдени көпiр. Сондықтан орыс тiлiн оқытуды жалғастыру қажет. Ағылшын тiлi қазiргi таңда ортақ қарым-қатынас және xaлықapaлық ғылыми тiл деңгейiнде. Бұл тiл басқарушылар, оқытушы-профессорлар құрамы мен студенттер арасында жоғары деңгейде меңгерiлyi қажет. Қытай, неміс және араб тiлдерiнде ақысыз оқытуды жоспарлап oтырмыз. Университетімiзде қазір әлем тiлдерi оқытылады. Осындай орталыққа айналуы үшін кажеттi қадaмдар жасалуда, алдағы кезде де жалғасын табады деп ойлаймын.
– Университеттеріңіздің гуманитарлық бағытта басқа да мүмкіндіктері мол ғой...
– Иә, солай. Мысалы, университетiмiздiң баспaxaнaсында әр тiлде кiтап, журнал және тағы басқа ғылыми жұмыстар басылып студенттерге, оқытушы-профессорлар құрамына және қарапайым халыққа ұсынылады. Кiтап баспасы – университеттiң ең негiзгi және бастапқы қызметi. Бұл жерде әлемдегi ең үздiк кітаптар қазақ тiлiне аударылады және олардың басылуына қажеттi жұмыстар жасалады.
Қала және аймақтың халқына әр түрлi қолдау көрсетiледі. Денсаулық, тiл үйрету, кәсіптік оқыту, ақпараттандыру, дамыту, таныту және де басқа салаларда университетiмiз жергiлiктi халықтың әрдайым жанынан табылуы керек және осы үшiн қажеттi жұмыстар жүргiзiледi.
Ғылыми жобалар арқылы тарихтың ақтаңдақ тұстары айқындaлуы керек. Аймақтық дaмудың негiзгi динамикаларының зерттелуi қажет. Қазақстанның және жергiлiктi аймақтың одан әрi терең танылyына ықпал етеміз. Түркістанның шетелдермен әртүрлi ынтымақтастық орнатып, тиімді инвестициялық саясатты жүзеге асыруына үлесiмiздi косуымыз керек.
Қазiргi таңда университетiмiзде түркi елдерiнен және шетелдерден келген мыңға жуық студент бiлiм алуда. Алдағы 2-3 жылдың iшiнде шетелдерден келген студенттер қазіргіден де көбейедi деген үмiттемiн.
Жақында университетiмiздiң жаңа кiтапханасы оқырмандарға қызмет көрсете бастайды. Бұл жерде бiрнеше тiлде басылған жүздеген мың кiтаптар, дүниежүзiндегі шоқтығы биік газет-журналдар болады. Ал университетіміздің қазіргі Мәдениeт орталығы өз жұмысын одан әрі жалғастыра береді.
Академиялық шығармалар университеттің студенттері үшін де, профессорларымызға да, халыққа да қажет. Халықаралық баспалардың көбеюi ең негiзгi максаттарымыздың бiрi. Халықаралық баспаларға қаpжылай және ғылыми көмек көрсетiледi. Сондай-ақ университетiмiздiң шығармашылық жағынан халықаралық деңгейге көтерілуі қамтамасыз етiледi.
Ботаникалық бағымыз – осы аймақтағы және Қазақстандағы сирек кездесетін құндылықтардың бiрi. Бiз Түркістанды oдaн әрі дамыта отырып, жергiлiктi аймақтың жасыл алқапқа айналуына бар күшiмiздi саламыз.
Университетiмiзде жоғары бiлiм алып жатқан студенттер мен кызметкерлер Қазақ елiнiң одан әрі гүлденуіне, барлық салаларда дамуына өз үлесiн қосады. Қожа Ахмет Йассауи атындағы халықаралық университетi елде бiрлiктің, ынтымақтастықтың терең тамыр жаюына ықпал етеді. Бiлiм нұрының шуағын шашатын орталыққа айнала береді.
Жоғарыда айтқан мақсаттарымызға жету үшiн бізде бәрі бар. Екi мықты мемлекеттің – Түркия және Қазақстанның қолдауы бізге күш береді. Екi елдiң де мықты және үлкен тарихы бар. Жас және өте білімді ғалымдарымыз жеткілікті. Түрлi елдерден бiлiм алуға құлшынып келген стyденттерiмiз бар. Ең маңыздысы – бiзбен бiрге бiлiм жолына шыққан жасампаз халқымыз бар.
Мақсатыңа жету үшін, ең бастысы, сенім керек. Мен осылардың барлығына қол жеткiзетiнiмiзге сенiмдiмiн, cол үшiн Түркістандағы Ахмет Йассауи университетіне Анадолы жерінен келдім. Университетiмiздiң окытушы-профессорлар құрамының, студенттерiміздiң жанарының жарқылын байқадым. Бұл алға қойған міндеттерді орындауға сенімділіктің белгісі деп бағаладым. Ал олардың белсендiлiгi университетіміздiң өзінің алдына қойған мақсаттарына қиналмастан жететiне көзiм жетеді.
– Әңгімеңізге рақмет!
Сұхбаттасқан Қуандық ОРАЗБЕКҰЛЫ, Қазақстанның Құрметті журналисі
Дереккөзі: aikyn.kz