Ғылыми жаңалықтар

Фармацевтикалық білім, ғылым және өндіріс

26.09.2014

7468

2014 жылдың 23-24 қазанында Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясында 35-жылдығына орай ҚР БжҒМ-нің «2014 жылы өткізілетін конференциялар тізімі туралы» бұйрығына сәйкес «Қазақстан – 2020" стратегиясы « Фармацевтикалық білім, ғылым және өндіріс бағытында» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді.

Конференция барысында дәрілік өсімдіктерді зерттеудің болашағы және мәселелері, фитохимиялық, фармакогнозиялық, фармакологиялық зерттеу тақырыптары кеңінен сөз болады деп күтілуде. Сондай-ақ, басқосу барысында қазіргі замандағы халыққа фармацевтикалық көмек көрсетудің теориялық және әдістемелік негіздері, емдік дәрі-дәрмектерді әзірлеу мен енгізудің инновациялық фармацевтикалық технологиялары және емдік дәрі-дәрмектердің тиімділігі мен қауіпсіздігін, сапасын қамтамасыз ету бойынша фармацевтикалық және химия-токсикологиялық зерттеу ісі де жан-жақты талқылауға түсетін болады.

Дереккөзі: ukgma.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар