2014 жылы желтоқсан айының 9-10 жұлдызында Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Ұлт Көшбасшысы қоры және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы жас ғалымдар және студенттердің «Биология, медицина және фармацияның даму болашағы» атты Екінші халықаралық ғылыми конференциясын ұйымдастырады.
Конференция барысында жас зерттеушілер арасында өзара қарым-қатынас және ынтымақтастықты нығайтуға көңіл бөлінеді деп күтілуде. Басқосуда замануи зерттеулердің өзекті бағыттарын талқылау, сондай-ақ олардың ары қарай даму бағыттарын белгілеу жоспарланған. Конференция секциялары төмендегідей:
* Биологиялық ғылымдар және денсаулық сақтау;
* Теориялық медицина және биология;
* Биотехнология және нанотехнология: болашаққа көзқарас;
* ХХІ ғасырдағы қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау;
* Медицинадағы инновациялар: теориядан тәжірибеге;
* Заманауи қоғамның экологиялық мәселелері;
* Фармацияның өзекті мәселелері;
* Табиғи дәрілік құралдар және оларды қолданудың болашағы;
* Дәрі технологиялары: ізденулер және шешімдер;
* Фармацевтикалық химия: кеше, бүгін, ертең:
* Фармацияны ұйымдастыру – денсаулық сақтаудың басты мәселесі.
Дереккөзі: ukgma.kz