Ғылыми жаңалықтар

ЖОО-лардың студенттері 2-ші курстан бастап міндетті түрде өндірістік тәжірибеден өтеді

25.09.2014

6830

Жоғары оқу орындарының студенттері 2-ші курстан бастап міндетті түрде өндірістік тәжірибеден өтеді. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім және ғылым вице-министрі Таһир Балықбаев айтты.
Жоғары оқу орындарындағы студенттердің практикалық дайындығы үлкен мәселелердің бірі болып отырғанын баса айтқан ол: «Сол себепті екінші курстан бастап міндетті түрде өндірістік тәжірибеден өтуді бекіту ұсынылып отыр. Бұл тәжірибені тек қана өндірістік еңбекпен ғана бекіту емес. Сонымен бірге біздің өндірістерде соны өтудің және арнайы келісімшарт жасаудың ережелері кеңінен бекітілетін болады», деді.

Оның сөзіне қарағанда, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орындарының жұмыс істеуінің ереше режімі қарастырылуда.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы талқыланған болатын.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар