Ұлыбританиядағы зерттеушілер органикалық тамақтың стандарт тәсілдер арқылы алынғандардан анағұрлым көп пайдалы екендігін айқындады. Осылайша ғалымдар экологиялық өнімдерде денсаулыққа жаксы әсер етуші антиоксиданттар мен қоспалардың көптігін анықтаған.
Күнделікті тағамда органикалық өнімдерде антиоксиданттар мен пайдалы заттар анағұрлым төмен. Сонымен қатар органикалық тамақта улағыш металдар мен пестицидтер жоқ десе де болады. Ньюкасл университетінің профессоры Карло Лейфертом басшылық еткен зерттеушілер органикалық және органикалық емес тамақ арасындағы «байыпты» ерекшеліктер бар деген байламға келіп отыр. Экологиялық өнімдердегі антиоксиданттар мөлшері 19% - 69% жоғары дейді ғалымдар. Сонымен қатар басылым органикалық және күнделікті жемістер, көкөністер мен астық тұқымдастар арасындағы ерекшеліктерді көрсетуші алғашқы зерттеу екендігін мәлімдеді.
Ғалымдар антиоксиданттар құрамының жоғары деңгейі адам тамағы мен айтарлықтай әсері бар екендігіне сенімді. Сондықтан антиоксиданттардың көп құрамы бар органикалық тағамды сан жағынан аз пайдалу мүмкін.
Сонымен қатар Лондонның Патшалық колледжіндегі тағамтану профессоры Том Сандерс өзінің әріптесі Лейферттің жүргізген жұмыстары күмән туғызғандығын еске түсірді. Осыған қоса Сандерс соңғы мәліметтер бойынша органикалық жармалардың құрамында әдеттегі дақылдарға қарағанда ақуыздың аз болатындығын айтып өтті.
Зерттеудің нәтижелері экологиялық егін шаруашылығын қолданушылар да елеп-ескерді. «Негізінде бұл зерттеудің мәні тағамды жетілдіру әдістерінің оның сапасына әсер етпейді деген сөзді жоққа шығарып отыр», – деп атап өтті Soil Association комапниясының атқарушы директоры Хелен Браунинг.
Оған қоса, зерттеу нәтижесінде Лейферт коптеген антиоксиданттар «созылмалы ауырулардың – оған қоса жүрек-қан тамырлары және нейродегенеративтік ауырулар мен бірнеше рак түрлерінің қатерін азайтады» деген тұжырымға келген. Сонымен қатар ғалымдар органикалық диетадан денсаулық үшін пайдасын көрсетуші ұзақ мерзімді ешкандай зерттеулердің әлі күнге дейін өткізілмегендігін атап өтті.
Зерттеушілер әдеттегідей жолмен алынған дақылдарда анағұрлым көп уландырғыш металл бар екендігін айқындады. Органикалық емес азықта төрт есе таза болған пистицид қалдықтарын тапты. Зерттеу жұмыс ЕО және органикалық егін шаруашылығына көмек беруші қорлар тарапынан қаржыландырылды.
Қазір Ұлыбританияда жоғары бағаларына қарамастан органикалық өнімдердің сатылымы артуда. Бірақ 2008 жылғы дағдарыстан кейін адамдар осындай азықты аздап сатып алуда.
Сауалнамаға сәйкес британиядыөтардың 55% пайдалы тағаммен азықтанғысы келеді, 53% тамақтағы зиянды химиялық қоспалардан арылуға үмітті, 44% қоршаған орта жайында ойласа, 3% органикалық өнімдердің дәмі ұнайтынын атап өткен.
Дереккөзі: russian.rt.com