Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандық ЖОО-лардан Еуразия ұлттық университеті көш бастап тұр

23.07.2014

5451

Қазақстан Республикасының аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттігі жүргізген қазақстандық ЖОО-ның білім беру және бағдарламалық деңгейі анықталатын тәуелсіз рейтингтің қорытындылары жария етілді.
Бүгін республикалық басылымдарда осы тәуелсіз рейтинг барысында анықталған үздік 20 ЖОО аттары жарияланды. Ең үздік үштікті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бастап тұр. Одан кейінгі екінші орында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, үшінші орында Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті алады, деп хабарлайды ЕҰУ-нің баспасөз қызметінен.

Мұнда жоғарғы оқу орындарының бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша жалпы рейтингіне және білім беру бағдарламалары мен профессорлық-оқытушылық құрамының рейтингіне сараптама жасалды. Білім беру гранттарының саны, «Алтын белгі» иегерлерінің, «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының, ҚР ғылымының дамуына үлес қосқаны үшін иеленген сыйлықтарының және шәкіртақының, ғылыми гранттың, патент пен өнертапқыштың, Хирш индексі бойынша зерттеулер жарияланған басылымдардың саны (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters и Scopus) ескерілді.

Іріктеу барысында студенттердің, оқытушылардың, зерттеушілердің сапалық құрамы, академиялық мобильдік байланыс, түлектердің сұранысқа ие болуы, мамандық бойынша оқытушылардың, магистранттардың, докторанттардың ғылыми мақалаларының бәсекеге қабілеттілігі назарға алынды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар