Ғылыми жаңалықтар

Мәскеулік физик Михаил Осин: Назарбаев университеті - әлемдегі бірегей оқу орны

23.07.2014

4989

Қазақстандағы Назарбаев Университеті әлемнің бірегей оқу орындарының бірі. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне Мәскеу физикалық-техникалық институтының жалпы физика кафедрасының оқытушысы, 45-ші Халықаралық олимпиадаға қатысқан Ресей құрамасының жаттықтырушысы Михаил Осин айтты.
Маманның айтуынша, ол Қазақстанға екінші рет ат басын бұрып отыр екен. Ең алғаш М.Осин студент кезінде Торғай қаласында құрылыс отрядында еңбек еткен.

«Ресейде аз уақытта салынып, сәулетті орталыққа айналған қала жоқ. Астана заманауи талаптарға жауап беретін, сәулеті мен дәулеті келіскен қала. Бұл Қазақстанның үлкен мүмкіндігін көрсетеді», - деді ол.

Ресейлік маман Назарбаев Университетінің жетістігіне таң қалып отырғанын жасырмады.

«Бұл оқу орны - бірегей білім ордасы. Ресейде ағылшынша білім беріп, студенттер де тек ағылшынша сөйлесетін оқу орны жоқ. Тіпті, факультет те жоқ», - деді М.Осин.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар