Ғылыми жаңалықтар

Мектеп оқушылары энергия үнемдеу саласындағы өздерінің жобаларын жүзеге асыру үшін гранттар алады

30.06.2014

6218

Бірқатар үкіметтік емес ұйымдар мектеп оқушыларының "жасыл" экономика саласында жасаған шағын жобаларына гранттар бөлмек. Мұндай жобалар бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында көрмеге қойылды.
Конкурсқа қатысу үшін Ақмола облысының жоғарғы сынып оқушылары мен колледж студентерінен 50 шақты өтініш келіп түскен. Олардың 21-і ақтық сынға өткен. Көрменің нәтижесі бойынша қорытынды шығарылып, жеңімпаздар 180 мың теңге көлеміндегі грантқа ие болады. Гранттардың жалпы саны 12 деп белгіленген.

«Балалардың алдында өз дүниетанымын кеңейтіп, ғылыммен тереңдеп айналысуға мүмкіншілік бар. Бізді балалардың алған білімін осылайша іс жүзінде қолданып, мынадай жобалар жасай алатыны қуантады», - деп атап өтті «Жасыл экономика» және G-Global-ды дамыту үшін» бірлестігінің басқарма төрайымы Салтанат Рақымбекова.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар