Ғылыми жаңалықтар

Балқан халықаралық олимпиадасында павлодарлық оқушы математика бойынша қола медальді жеңіп алды

30.06.2014

5825

Павлодарлық №8 мектеп-лицейінің оқушысы Александра Латышева жасөспірімдер арасында өткен математика бойынша Балқан халықаралық олимпиадасының қола медалін жеңіп алды, деп хабарлады «Ертіс дарыны» РҒПО директорының орынбасары Гүлжан Жүрнісова. Зияткерлердің жарысы 21-26 маусымда Македонияның Охрид қаласында өткен.
«Саша Латышева - барлық пәннен озат, әсіресе математиканы жақсы көреді. Оның бұл салаға қабілетті болуына лицей мұғалімі, математиканы тереңдетіп оқытуда озық бастамашы Лариса Кан көмектесті. Л.Канның оқу үрдісіне енгізген авторлық бағдарламалары оқушыларын жоғарғы жетістіктерге жеткізді. Оның түлектері - Жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада жеңімпаздары», - деді Г.Жүрнісова. Оның айтуынша, А.Латышеваның өңірлік олимпиадалардан сүрінбей өтіп, республикалық жарыста жеңімпаз болуы Қазақстан атынан халықаралық жарысқа қатысуына мүмкіндік берді.

Жеңімпаз оқушы мен ұстазы Македонияда алған наградаларына қуанышты. «Мұндай жарыстарға қатысу адамға серпін, күш береді, жаңа белестерді бағындыруға жетелейді», - деді А. Латышева.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар