Ғылыми жаңалықтар

Ғарыштағы ең үлкен телескопты NASA салмақ

23.06.2014

6520

Американың аэроғарыштық агенттігі әлемдегі ең қуатты ғарыш телескобын салуды жоспарлауда, деп жазады РИА «Новости» Independent газетіне сілтеме жасап.
ATLAST-тың (Advanced Technology Large-Aperture Space Telescope) көмегімен ғалымдар Жерден 30 жарық жыл қашықтықтағы ғаламшарлар мен күн жүйесінің атмосферасын зерттей алады. Оған әлемдегі ең үлкен диаметрі 15 метрге жуық айна қондырылады. Телескоптың ірілігі сонша, бір де бір зымыран оны ғарышқа алып шыға алмайды. Сондықтан бөлшектеп, құрастырушы командасымен ғарышқа бірге жібереді. Олар аппаратты Жерден 1,5 млн. км қашықтық биіктікте жинайды.

Корольдік астрономиялық қоғамның президенті Мартин Барстоудың сөзіне қарағанда, ғалымдар 60-тан астам жаңа ғаламшар ашуға ниетті.

ATLAST 2030 жылы ұшырылады деп күтілуде.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар