Ғылыми жаңалықтар

Оңтүстіккореялық ғалымдар әлемдегі ең жылдам жүгіретін робот ойлап тапты

20.06.2014

5684

Оңтүстіккореялық ғалымдар желаяқ құлтемір жасап шығарды. Өнертапқыштардың айтуынша, бұл – әлемдегі ең жүйрік робот.
Екі аяқты динозавр тектес құрылым әлемнің 8 дүркін чемпионы Усэйн Болтпен жарысса, оны шаңына жуытпайтын көрінеді. Себебі, ямайкалық спортшы 100 метрлік қашықтықты 9,58 секундта жүгіріп өтеді. Ал желаяқ робот мұндай жерді 7,8 секундта артқа тастай алады екен, деп хабарлады 24.kz.
Бірақ құлтемір жарысқа арнап жасалмаған. Оны адамдарға күнделікті өмірде қолғабыс болу үшін және әскери қимыл кезінде барлаушы ретінде қолдануға болады.
Сондай-ақ, құтқару шаралары кезінде көліктер жете алмайтын жерлерде емін-еркін қозғала алады.

Дереккөзі: nur.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар