Ғылыми жаңалықтар

ШҚО мектептерінде түрлі деңгейдегі олимпиадалар жүлдегерлері 10,5 пайызға артқан

20.06.2014

5334

Шығыс Қазақстан облысында 2013-2014 оқу жылының қорытындысы бойынша оқушылардың білімінің сапалық көрсеткіштері жақсарғаны байқалады. Оқу жылын 82 мыңнан астам оқу озаты мен екпінділері аяқтады, олардың ішінде 33 мың оқушы олимпиадалар мен байқаулардың жүлдегерлері, деп хабарлады баспасөз мәслихатында ШҚО білім басқармасының басшысы Асқар Нұрғазиев.
«Түрлі деңгейдегі олимпиадаларға, жарыстарға, байқауларға қатысушылардың саны 8,5 пайызға артып, олардың саны 80 мыңға жетті. Жүлдегерлер саны 33 мыңға жуық, өткен оқу жылымен салыстырғанда, 10,5 пайызға өскен», - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сондай-ақ ҰБТ-ның 10 мың түлектерінің ішінен 6 мың 734 түлек немесе 68,2 пайызы мемлекеттік емтиханнан өтті. Алдын ала есептеулер бойынша республикалық рейтингте бұл облыс 13-ші орыннан 8-ші орынға көтерілген. Көшбасшылық бұрынғыша елдің облыс орталықтары арасында үздік бестіктің қатарына енген Өскемен қаласының еншісінде. Глубоковский, Аягөз, Бородулиха аудандарының ауылдары үздіктер сапынан көрінді.

А.Нұрғазиеваның айтуынша, келесі оқу жылында да ел бойынша үздік бестікке кіру міндетін қоймақ. Еске сала кетейік, биылғы жылы өңірде жоспар бойынша 58 білім беру нысанын салу көзделген. Олардың 40-ы мектеп, оның ішінде 30-ы апатты жағдайдағы мектептердің орнына, 10-ы қажет болғандықтан салынады, сондай-ақ 1350 орынға шақталған 8 балабақша салынады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар