Ғылыми жаңалықтар

Швейцарияда күннен қуат алатын жаңа ұшақ сынақтан өтуде

02.06.2014

6084

Швейцарияда күннен қуат алатын жаңа ұшақты алғашқы сынама ұшуға дайындауда. Құрастырушылар оны 2015 жылы аралық қонусыз жер шарын айналып ұшыруды жоспарлап отыр, деп хабарлады Би-Би-Си.
Solar Impulse 2 ұшу аппараты аэропланның үлкейтілген нұсқасы. Ол өткен жылы Құрама Штаттардың бір жағалауынан екіншісіне дейін ұшып өткен. Сондай-ақ күн энергиясынан қуат алатын бұл ұшақты адам 26 сағат басқарған. Бұл - рекордтық көрсеткіш.

Solar Impulse 2 аппаратын Бертран Пиккар мен Андре Боршберг басқарады.

Жаңа ұшу аппараты көмір пластиктерінен жасалған. Оның қанаттары "Боинг-747" ұшағынан гөрі кеңірек. Алайда Solar Impulse 2-нің салмағы 2,3 тоннаны ғана құрайды.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар