Өзектi

Мемлекеттен қолдау жасалғанда, аймақтардың ерекшелігі ескерілуі қажет

27.05.2014

7753

Жасқайрат СҮНДЕТҰЛЫ, экономика ғылымдарының докторы, академик:
– Жасқайрат Сүндетұлы, бүгінгі таң­да жаһандық өзгерістердің елі­міз­ге әсері де жоқ емес. Әлем елдері азық-түлік қауіпсіздігіне де баса көңіл бө­луде. Өзге елдермен тереземіз тең бо­луы үшін мемлекетіміздің эконо­­ми-касы мен ауыл шаруашы­лығын дамыту қажет. Осы тұрғыда қандай ойыңыз бар
?

– Ел экономикасы дами баста­ған соң, халықтың да көңіл-күйі кө­теріле түскені байқалады. Басқа ел­дермен салыстырғанда Қазақстан қаржы дағдарысынан көп қиын­дық­қа ұшырамай шықты. Мемлекет бас­шысының тапсырмасы бойынша қа­зір көптеген жұмыстар атқары­луда. Оның ішінде Президенттің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қа­зақстан – 2050» стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты халыққа арнаған Жол­дауын іске асыру мақсатында нақты іс-шаралар жасалды. Маңызды мем­лекеттік бағдарламалар қабыл­дан-ды. Өңірлерде «Бизнестің жол карта­сы – 2020» нәтижелі жүзеге асуда. Халықтың көңілінен шығатын жұ­мыс жүріп жатыр. Жаңа жобалар іске қосылуда. Экономикада тұрақты­-лық сақталуда, қаржы саласының да­муы байқалып отыр. Соның бәрі халықтың көңіл-күйі көтеріңкі бо­луы­на оң ықпал етіп отыр.

– Ал өзіңіз негізінен қай саланы тереңірек зерттеп жүрсіз?

– Мені толғандыратын мәселе – ауыл шаруашылығының экономи­ка­лық жай-күйі. Бұл сала жанымызға жақын, халқымыздың әл-ауқаты­ның көтерілуіне де бірден-бір әсер етеді. Ауыл шаруашылығы – еліміз­дегі үлкен саланың бірі. Әрине оның ел экономикасындағы үлесі аздау болып тұр, 5-6 пайыз шамасында. Бі­рақ ол аталған саланың төменді­гінен емес, басқа саланың қарқын­-ды дамып кеткендігінен оның үлес салмағы азайып отыр. Мұның өзі эко­номикаға үлкен әсер етеді. Ел тұр­­ғындарының үштен бірі ауыл шар­­уашылығында жұмыс істейді. Қа­зір ауылдық жерлерде шамамен Қазақ­стан халқының 45 пайызы тұ­рады. Ауылдық жерлерді дамытуға көңіл бөліне бастады, жүйелі бағ­дарла­ма­лар қайта қолға алынды. Егін ша­руа­шылығында иннова­ция­лық бағыт­тар бойынша жаңа техно­ло­гиялар пайдаланылуда.

Мал шаруашылығында асыл тұ­қымды малды көбейту ісі жүріп жа­тыр. Соған орай мемлекет тарапы­нан қолдау жасалуда. Бұл бағытта шетелден сүтті асыл тұқымды ірі қара малдар сатып алынып, сол ар­қы­лы біздегі малды жетілдіру көз­деліп отырса, екіншіден, өзімізде бұ­рыннан бар асыл тұқымды мал­дарды өсіріп-жақсарту мәселелері кө­терілуде.

Тағы бір мәселе, қазақ елі 2017 жылы Астана қаласында ЭКСПО көрмесін өткізеді. Бұл – әлемдік оқи­ға. Дүниежүзінен шамамен 5 мил­лионға жуық адам келеді деген болжам жасалуда. Біріккен Ұлттар Ұйымына кіретін елдердің ішінен 100-ге таяу мемлекеттен өкілдер қатысады. Біріншіден, бұл көрме арқылы еліміздің танымалдығы арта түседі. Екіншіден, қатысушылар ара­сында көптеген келісімшарттар жасалады. Инвестиция көлемі арта түсетіні сөзсіз. Яғни ЖІӨ-нің артуы­на ықпал етеді. Үшіншіден, шетел­діктер осы көрмені көруге турист ре­тінде келсе де, олар да өз қаражат­тарын біздің ел үшін жұмсайды.

Кейбіреулер «ЭКСПО-ға көпте­ген ғимараттар салынады, ол өткен соң, пайдаға аспай қалады» деп айтады. Бұл негізсіз пікір. Өйткені қазір барлық жұмыстар Президент­тің тікелей тапсырмасы бойынша іске асырылуда. ЭКСПО-ға бөлінген қаржы, соған қажетті құрылыстар, кеңсе ғимараттары, спорт кешендері, үлкен көрме залдары – соның бәрі өз елімізде қалатыны анық, сондықтан оның бәрі «Назарбаев универси-теті» жанынан ашылады, болашақта аталған университеттің игілігіне асы­ру мақсаты ескеріліп отыр. Бұл орынды шешім.

Біздің елдің экономикасы ал­дыңғы қатарлы болып, қарқынды дамып кетті деп айтуға болмайды, әлі де қиындықтар кездеседі. Бі­ріншіден, біз агро-био әлеуеттігі аз елміз. Яғни жеріміздің құнарлылығы орташа алғанда 2-5 есеге дейін кем, мысалы, Ресейдің жерінен екі есе төмен болса, Беларусь жерінен үш есе төмен. Ал дамыған елдермен са­лыстырсақ, 5 есеге дейін төмен. Сон­дықтан әлемдік бәсекелестікке даярмыз деп айту қиын. Ол үшін жер мен елдің жағдайы ескеріле отырып, әлі көп жұмыс жасалуы керек.

Тағы бір өткір мәселе – бізде қазір ауыл шаруашылығы машина­лары­ның құрал-жабдықтары өндіріл­мейді. Аздаған, бес-алты зауыт бар. Олар негізінен техника құрасты­ру­шы, жинақтап шығарады. Бірақ осы салада озық технологияларды өзіміз шығаруға әлі дайын болмай жатыр­мыз. Бізде жердің байлығы өте көп, бі­рақ оны дұрыс пайдалануымыз керек. Жеріміз үлкен екен деп, бірін бастап, бірін тастап, келесі бөлігін өңдей беруге болмайды. Жерді өң­дейтін жаңа, заманауи техникаларды өзімізде шығарғанымыз жөн. Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау зауытын қалыпқа келтіргеніміз аб­зал.

Бізде мал шаруашылығы дамып келе жатқанмен, оның өнімділігі тө­мен. Өйткені малдың 80 пайызы үй шаруашылығы жанында. Ал мұндай жағдайда асыл тұқымды мал өсіріл­мейді, құнарлы жем-азық берілмейді. Жылдан-жылға шөптің де, жемнің де бағасы қымбаттап келе жатыр. Сондықтан үй шаруашылығының көбі қазір мал басын азайтып жатыр.

Менің ойымша, бұл мәселені ше­шудің екі-үш бағыты бар. Қазіргі Ауыл шаруашылығы министрлігінің саясаты бойынша негізінен үлкен тауарлы шаруашылықтарға қолдау жасалады. Ал жеке, қосалқы шаруа­шылықтардың көп жағдайда көмек алуға қолы жете бермейді. Олар бә­секеге бейім болмаса да, қазір көмек берілмесе, ертеңгі күні олар құрып кетеді. Ал үлкен шаруашы­лықтар біз­де аз, олардың басым бөлігі егін­мен айналысады. Сондықтан жеке, қосалқы шаруашылықтарға да қар­жылай қолдау жасау керек. Қазір микрокредиттер беріледі, оның да же­тіспей жатқан тұстары бар. Бі­рін­шіден, бөлінетін ақшаның мөлшері аз. Бәріне бірдей жетпейді. Аймақ­тардың жағдайы әртүрлі.

Келесі бір өнбей келе жатқан іс – кооперативтік ұйымдастыру мәсе­лесі. Дүниежүзінде ауыл шаруа­шы­лығы тауар өндірушілері коо­пе­ра­тив­тер құрып, бірігуімен өсіп жа­та­ды. Ал бізде заң жүзінде құжаттары бар, бірақ әлі ол іске аспай жатыр. Неге десеңіз, біздің жеке шаруа­шы­лықта жүрген қожалықтардың бас­шылары «Егер кооперативке кіріп кетсек, меншігіміз бөлініп кетеді, дұрыс пайда таба алмаймыз» деген уәж айтады. Бірақ біз осы коопе­ра­тивке бірігуге қатты көңіл бөлуіміз керек.

Келесі бір өзекті мәселе – ауыл шаруашылығының мамандарын даяр­лау. Соңғы жылдары жоғары оқу орындарында гранттар бөлініп жатыр. Бірақ олар әлі толық жолға түсіп кете алмай тұр. «Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша көбіне-көп денсаулық, мәдениет, білім беру саласының мамандарына қолдау жасалуда. Ал ауыл шаруа­шы­лығының мамандары осындай кө­мек­ті аз алады. Және кейбір өңір­лер­де бұған жеткілікті түрде көңіл де бөлінбейді.

– Демек, қазір қандай мамандар қажет?

– Біріншіден, ветеринарлық ма­мандар керек. Олар малды аман-есен сақтау үшін қажет. Өздеріңізге белгілі, өткен жылы шетелден сатып алып келген малдан ауру табылып, түгелдей өртеп жіберді. Өзіміздің аймақтарымызда да әртүрлі мал ауру­лары шығып қалып тұрады. Сон­дықтан ветеринарлық маман­-дар даярлауға мемлекет тарапынан қолдау жасалуы тиіс. Оларды ша­руашылықтар емес, мемлекет қара­жаты есебінен даярлау керек. Бұрын әр шаруашылықта бір ветеринар болса, қазір аудан бойынша санаулы адам жұмыс істейді. Сондықтан әр ауылдық округтегі мал басының санына орай ветеринар маманын бекіту жөнінде нормативтер белгі­ленуі керек.

– Малдың сау болуы – адам ден­саулығының кепілі ғой.

– Иә, мал сау болса, адам да сау болады. Қазіргі күнге дейін біздің малдарда бруцеллез, туберкулез де­ген аурулар көп кездеседі. Ол елдің тұрғындарына да өте қауіпті. Екін­шіден, бұрын зоотехних мамандығы болған, қазір ол мал шаруашылы­ғы­ның технологы деп аталады да, жал­пы ұйымдастыру мәселелеріне аз кө­ңіл бөлінеді. Осы мамандарды даяр­лауды да дұрыс жолға қою қа­-жет және олар ауылдарға барғанда, тұрмыстық, экономикалық-әлеу­мет­тік жағдайлар жасалғаны жөн. Сондай-ақ бүгінгі таңда облыс, аудан орталықтарында арнайы курстар ашып, шаруа қожалықтары, кооператив және ірі шаруашылық­тар басшыларының да кәсіпкерлік біліктілігін жетілдіре түсудің маңыз­дылығы зор. Оларға нақты консуль­тациялық көмектер беру жолдары шешілгені дұрыс.

– Өңірлерге шығып тұрасыз ба? Қазіргі ауылдардың даму деңгейі қан­дай?

– Өңірлерге іссапармен шығып тұрамын. Сонда байқағаным, аймақ­тардағы даму деңгейі әртүрлі. Елі­міздің солтүстік облыстары астық өсі­руге қолайлы және ірі мал шаруа­шылықтары бар, оңтүстікте жеміс-жидек, көкөніс, мақта саласы да­мы­ған. Ал батыс облыстарының ауыл шаруашылығы экономикасына қо­сып отырған үлестері әлі аздау. Оның себебі жерінің көп аймағы құнарсыз. Мысалы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облысының кейбір аудандары егін егеді, бірақ оның шығымдылығы ор­таша алғанда 5-6 центнерден ас­пай­ды. Әлемдік экономикаға назар аударсақ, мұндай өнім алу бәсекеге қабілетсіз болады, кеткен шығынын да ақтай алмайды. Атырау, Маң­ғыс­тауда астық мүлдем жоқ. Сондықтан бұл аймақтарда мал шаруашылығын көбейту керек. Мемлекеттен қолдау жасалған кезде, аймақтардың ерек­шеліктері ескерілуі қажет.

Мысалы, өзім араға екі-үш жыл салып Батыс Қазақстан облысына барып тұрамын. Бөкей Орда, Қаз­талов, Жаңақала аудандарында қа­-зір мал шаруашылығы жақсы дамып келе жатыр. Және де нарыққа көш­кен тұста бұл аудандарда ауылдар көп өзгерістерге түспеген, тарап кет­пеген. Мысалы, солтүстік об­лыс­тарда кішкентай елді мекендердің бірқатары тарап кетті.

Бөкей Орда, Жәнібек аудандары облыс орталығынан 500-600 шақы­рым жерде орналасқан. Ол аудан­дарға баратын жолдың жартысына тас төселген, жартысы шаңы бұр­қы­раған грейдер. Ал ауданның ішіндегі елдімекендердің жолдары мүлдем сын көтермейді. Көктем мен күзде тіптен қиын, грейдерлер саздан кө­терілгендіктен, жауын-шашында ми батпаққа айналып, қатынас үзіліп қалып жатады. Жол апаттары да көп. Егер жол болмаса, халық қалай жү­ріп-тұрады? Шалғай өңірде тұрғаны үшін мемлекеттік көмек те беріл­мейді, халықтың тұрмысына да қо­лай­сыз. Сондықтан шалғай ауыл­дарға мемлекеттік көмек көрсетілуі тиіс. Өйткені ол – өз жеріміз. Егер ондай жерлерді пайдаланбасақ, ерте ме, кеш пе, ол жерді басқа біреу пай­даланғысы келуі мүмкін.

Қазір ауылдық жерлерде малдың терісі мен жүні үйіліп жатыр. Амал жоқ, көбіне шұңқырларға көміп тастауда. Тері мен жүннен тұрмысқа қажетті қаншама өнім шығаруға болар еді? Сондықтан тері мен жүн өндіру мәселесіне байланысты біздің елімізде бір нақты шешімге келіп, аудан орталықтарында тері өңдейтін ірі-ірі өндіріс орнын салуды қолға алған жөн деп есептеймін.

Ауылдық жердегі проблеманың бірі – жол мен су. Әрине, мемлекет тарапынан қомақты қаржы бөлініп жатыр. Қазіргі салынып жатқан «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» ха­лықаралық дәлізі елдің экономика­сына, аудандарды дамытуға тың сер­пін беретіні сөзсіз. Бірақ об­лыс­тардың ішіндегі жолдардың жағ­-дайы сын көтермейді. Жеріміз үлкен болған соң, халықтың басым бөлігі автокөлік жолдарымен қатынайды. Сондықтан автокөлік жолын жаң­ғыртудың маңыздылығы өте зор.

Сондай-ақ батыс өңірінде елді мекендерді көгілдір отынға қосу мәселесі жақсы қолға алынуда. Бізде газ өте көп. Ресей, Қытай сияқты шетелге де сатып жатырмыз. Бірақ өзіміздің кейбір аймақтар газбен қамтылмай отыр. Мысалы, солтүстік облыстарда газдандыру мәселесі кө­теріліп келе жатыр, бірақ әлі ше­шілген жоқ. Ал негізі газбен, сумен қамтамасыз етілсе, елді мекендер сақ­­талады. Газ, су, жол – осы үшеуі жеткізілсе, ел болады! Ел болса, мал болады. Мал арқылы өнім көбейеді. Өнім артқан соң, біздің экономи­ка­мыз көтеріледі, халықтың тұрмыстық жағдайы жақсарады.

Бұрын телефон байланысы қиын еді, қазір ол мәселе шешілді. Ұялы телефонның таралу ауқымы ауыл­дарға да жетті. Бұл жақсы шешімін тап­қан іс болды.

– Халықты орналастыру, ішкі көші-қонды реттеу туралы қандай пі­кір қосар едіңіз?

– Алдағы уақытта «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» сияқты үлкен күре жолдардың бойына елді ме­кендерді орналастыруды ескерген жөн. Сонда жол бойындағы инфра­құрылым да дамиды. Қазір Өңірлік даму министрлігінің жанында Қа­зақ­стандағы жер аумақтарын ұйым­дастырудың бас схемасы (үлгісі) жа­салып жатыр. Мен соның сарап­тама кеңесінің мүшесі болдым. Егер бел­гі­ленген басты бағыттар іске асатын болса, 2030 және 2050 жылға қарай өңірлерді дамытуға қатысты көпте­ген мәселелер шешілетін болады.

Нарық заманының алғашқы қиын кезеңінде шалғай аудандардың тұр­ғындары аудандарға, ірі қалаларға, соның төңірегіне көшіп келді. Ол көп­теген қиындықтарға алып келді. Жалпы, Қазақстанның өз жерін жа­ңа технологияларды қолдана оты­рып, толық пайдаланғанымыз жөн. Мысалы, бізде қазір құмды аймақтар, жерлері шөл және шөлейт болып келетін 30-ға жуық аудандар бар, олар жалпы 14 млн-дай жер көлемін алып жатыр, 1 млн-дай адам тұрады. Ол тұрғындарды үдере көшірмей, сол тұрған жерлерінде қолайлы өмір сүре алатындай жағдай жасау керек. Жақында газеттен оқыдым, Жапо­нияда құмды жерлерге өсімдіктер өсіретін жаңа технология ойлап та­уып­ты. Ол технологияның жасап шы­ғару жұмысы 2016 жылы аяқта­лады. Оны пайдаланса, құмайт жер­лерге жауған жаңбырдың, еріген қардың суы 70 пайызға дейін сақта­лып қалады екен. Соның нәтиже­сінде ол жерлерге шөп өседі, мал жайылады деген сөз. Біз де өркениет жолында дамып, сондай игіліктерге қол жеткізуіміз керек қой. Мысалы, Израилдің жері құмды, шөлейт бо­лып келеді. Бірақ Израил алқаптарды суаруда жаңа технологияны пай­да­ла­нып, қазір дүниежүзіне жеміс-жидек, көкөніс өнімдерін сатып отыр.

Біздің жеріміздің үлкендігі – ел­дің және халықтың байлығы. Жері­міздің асты да, үсті де бай. Бірақ оның қазынасын дұрыс игеруіміз керек. Қазір бізде мұнай мен газдан ел бюджетіне түсетін табыстың мөлшері онша жоғары емес. Ал Нор­вегияда мұнай мен газдан алынатын пайданың 80 пайызына дейін мем­лекеттің бюджетіне түседі екен! Әсі­ресе, мұнай мен газ саласы ауыл ша­­руашылығына қолдау жасауы тиіс!

– Демек, табиғат байлығының табысы ауылға да бөлінуі керек дей­сіз ғой?

– Иә, бөлінуі қажет. Айталық, еліміздің батыс өңірінде мұнай-газ көп өндірілетін болса, ал ауыл ша­р­уа­шылығының дамуы кенже қал­ған. Статистика агенттігі орташа ал­ған­да­ғы жалақының жоғары мөл­ше­рі Атырау, Маңғыстау облыс­та­рында деп айтады. Ол негізінен мұ­найшы­лардың табыстары есебінен жоғары болып тұр. Ал ауыл тұр­ғын­дарының табыстары өте төмен. Сол өңірде мұ­най мен газ шығарып, мол байлықты игеріп жатқанда, сол об­лыстың тұр­ғындары оның игілігін неге көр­мес­ке?!

Қазір ауыл шаруашылығын бә­секеге қабілетті етеміз дегенмен, оған қомақты қаржы бөлінбесе, ісі­міз алға баспайды. Бүкіл әлемде ауыл шаруашылығы мемлекеттің көме­гінсіз дамымайды. Мысалы, дамыған Батыс Еуропа елдерінің өзінде ЖІӨ-нің 25 пайызы ауыл ша­руашылығына бағытталады. Ал бізде ЖІӨ-нің 2-5 пайызы көлемінде ғана. Ол өте аз. Егер мұнайдан, газдан тү­сетін та­быс­тан да ауыл шаруашы­лы­ғына қаржы бөлінетін болса, ха­лықтың игілігі мо­лая түсер еді, елдің экономикасы артады.

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Еркін ҚАЛДАН

Дереккөзі: aikyn.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар