Ғылыми жаңалықтар

С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ-ға В.И.Блинников атындағы алтын медаль берілді

23.05.2014

6411

АСТАНА. ҚазАқпарат - БҰҰ-дағы өнертабысы бойынша 8 елдер арасында елордадағы Қазақ агротехникалық университеті ең үздік ЖОО атағына ие болды. Еуразиялық Кеңестің шешімімен оқу орнының ректорына алтын медаль тапсырылды, деп хабарлады жоғары оқу орнының баспасөз қызметі.
С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ - «Өнертапқыштық және патенттік жұмыс үлесі үшін» Еуразиялық патенттік ұйымының В.И.Блинников атындағы алтын медалін иеленген Қазақстандағы тұңғыш ЖОО.

2014 жылғы 22 мамырда Қазақ Ұлттық өнер университетінің «Шабыт» шығармашылық сарайында Еуразиялық патенттік ұйым атынан салтанатты марапаттау рәсімі өткізіліп, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ректоры А.Қ.Күрішбаевқа университет ғалымдарының табысты кәсіптік және өнертапқыштық қызметі үшін В.И. Блинников атындағы алтын медаль және диплом тапсырылды.

В.И.Блинников атындағы алтын медаль интеллектуалды меншігі белгілі қайраткер, Еуразиялық патенттік ұйымының негізін қалаушы, Еуразиялық патенттік ұйымының тұңғыш президенті Виктор Иванович Блинниковтың құрметіне арналған марапаттау болып табылады. Еуразия аймағындағы өнертапқыштық қызметінің және құқықтық қорғау өнертабысының дамуына елеулі үлес қосқаны үшін интеллектуалды меншік төңірегіндегі өнертапқыштар, мамандар және ұйымдар аталған медальмен марапатталады.

Соңғы 3 жылда университеттегі инновациялық белсенділік қарқынды өскенін атап өткен жөн. Бұл бағытта ғылыми жоба қаржысының көлемі 3 есеге артты, меншіктік құқықты қорғау құжатына берілген ғылыми тапсырыс 4 есеге өсті.

Аграрлық зерттеу университеті мәртебесін алу бағытындағы белгіленген міндеттерге сәйкес ғылыми зерттеу жұмыстарын кеңейту және инновациялық белсенділікті арттыру С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің негізгі басымдықтары болып табылады.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар