Ғылыми жаңалықтар

Генетиктер адамдардың өмірлік серіктерін ДНҚ бойынша таңдайтынын дәлелдеді

21.05.2014

6148

Ғалымдардың зерттеулеріне сүйенсек, адамдар өз өмірлік серіктерін ДНҚ бойынша таңдайды екен, деп хабарлайды Naked Science.
Генетиктер 825 америкалық ерлі-зайыптының геномын зерттей келе, олардың ДНҚ-ларының ұқсас екендігін анықтаған.

Бұдан бұрын ғалымдар адамдар өз жарларын таңдағанда білім деңгейлері бірдей болатынын айтқан еді. Зерттеу нәтижесі көрсеткеніндей, ерлі-зайыптылардың шаңырақ көтеруіне көбінесе генетикалық жағынан ұқсастығы әсер етеді екен.

Жалпы, ғалымдар АҚШ үкіметінің қаржылай қолдауымен 1930-50 жылдар аралығында туылған 1650 адамға зерттеу жүргізген.

«Адамдар өз жұптарын генетикалық ұқсастықтары бойынша таңдайтыны белгілі болды. Өйткені, олар өмірлік жолдасының өз ұлтынан және этникалық тобынан болғанын қалайды екен. Біз өз зерттеуімізде осы фактіге сүйенуге тырыстық және бір этникалық топтағы ерлі-зайыптылардың ДНҚ-ларын зерттедік», - дейді Колорадского университетінің ғалымы Бенджамин Доминге.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар