Ғылыми жаңалықтар

Қазақстандағы ғылыми қызметкерлер саны 24 мыңға жақындап қалды

19.05.2014

5613

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы ғылыми қызметкерлер саны 24 мыңға жақындап қалды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенаты «Өңір» депутаттық тобының отырысында ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Гүлшара Әбдіқалықова айтты.
«Ғылым туралы» Заңда ғылымды басқарудың жаңа моделі мен қаржыландырудың жаңа үлгісі алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибеге барынша бейімделген. Ғылымды қаржыланжыру түбегейлі өсті. Ол 2013 жылғы 20 млрд. теңгеден 2013 жылығы 53 млрд. теңгеге дейін, яғни, шамамен 2,5 есеге дейін артты. Бұдан ары «Қазақстан - 2050» стратегиясына сәйкес кезең-кезеңмен арттыру жолымен ғылымды қаржыландыруды ЖІӨ-нің 3 пайызына дейін жеткізу жоспарлануда», - деді ол.

Оның атап өтуінше, мемлекет тарапынан ғылымға көрсетіліп отырған қамқорлықтың нәтижесінде кадрларды қамтамасыз етудегі тұрақтылық байқалады әрі ғылыми қызметкерлерінің саны да тұрақты артып келеді.

«Мәселен, 2009 жылы 15,8 мың ғылыми қызметкер болса, қазіргі уақытта олардың 23,7 мың адамға жетті. Жастардың да ғылымға бет бұруы артып келеді. Атап айтқанда, 35 жасқа дейінгі ғалымдар үлесі 38 пайызға, 45 жасқа дейінгі ғалымдар үлесі 56 пайызға дейін көбейді», - деді Г.Әбдіқалықова.

Автор: Марлан Жиембай

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар