Ғылыми жаңалықтар

А.Сәрінжіпов: Қазақстанда 14 пен 24 жас аралығындағы 630 мыңнан астам жастың мамандығы жоқ

19.05.2014

5039

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 14 пен 24 жас аралығындағы 630 мыңнан астам жастың мамандығы жоқ. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «Техникалық және кәсіптік, жоғары білім беру жүйесінде экономика салалары үшін кадрлар даярлаудың сапасы мен перспективалары туралы» парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мәлім етті.
«Әлі күнге дейін халықтың бірінші техникалық кәсіп игеруіне тең қолжемділік қамтамасыз етілмеген. Бүгінде техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде аталған санаттағы жастардың тек 17 пайызы қамтылған»,- деді ол.

Министрдің атап өтуінше, қазіргі уақыттың өзінде 14 пен 24 жас аралығындағы 633,2 мың жастың мамандығы жоқ. Бұлар жалпы Қазақстан жастарының 20 пайызын құрайды. Олардың 94 мыңы еш жерде жұмыс істемейді.

«Балалар мен жасөспірімдер санының өсімі де білім беру жүйесіндегі жүктемені арттырып отыр. Проблема өңірлік теңгерімсіздік қамтуымен де ұлғайып келеді. Оңтүстікте 7 мың орын тапшылығы бар. Бұл ретте солтүстік және шығыс өңірлердегі колледждердегі профицит 4 мың орынды құрайды», - деді А.Сәрінжіпов.

Оның айтуынша, жыл сайын елімізде 22 мыңнан астам мектеп түлегі еңбек нарығына шықса, соның тең жартысы - оңтүстік өңірлердің азаматтары.

Автор: Марлан Жиембай

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар