Ғылыми жаңалықтар

Ғалымдар: Жүйке жасушаларын қалпына келтіруге болады

16.05.2014

4867

АСТАНА. ҚазАқпарат - Санкт-Петербургте өтіп жатқан Дүниежүзілік психиатрлар конгресінің қатысушылары күтпеген тұжырымға келді - адам миы балалық шақта, жасөспірім кезде ғана емес, өмір бойы даму үстінде болады.
Неміс психоталдау академиясының президенті Мария Аммон адам миы эмоциялық факторлардың әсерімен тіпті егде жаста да дами береді деген мәлімет айтты.

Сондықтан бұдан бұрын ғалымдардың адам өмірінде екі кезең - туылғаннан 3 жасқа дейін және жасөспірім шақта ми белсенді дамиды, содан кейін даму бірден тоқтап қалады деген ұсынымы мүлдем шындыққа жанаспайтын болып шықты.

«Енді біз олай емес екенін білетін боламыз. Жүйке жасушалары қалпына келмейді деген тұжырым өткеннің еншісінде қалды», - деді Израильдің бұрынғы бас жасөспірімдер психотерапевті, психиатрия саласының құрметті профессоры Самуэль Тиано.

В.М. Бехтерев атындағы ғылыми-зерттеу психоневрологиялық институттың бастығы Николай Незнановтың пікірінше, жүйке жасушалары тіпті кәрілікпен алжасқан аурулардың өзінде аз дәрежеде болса да, қалпына келеді, деп жазады шетелдік БАҚ.

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар