Америка ғалымдары Антарктиданың батысындағы қайраңдап тұрған мұздықтардың ери бастағанын хабарлады. Бұл процесс осы күйі жалғаса берсе, әлемдік мұхиттардың деңгейі бірнеше ғасырдан кейін 3 метрге дейін көтеріледі. Бұл туралы The Verge басылымы хабарлады.
АҚШ-та 1 апта ішінде осы тақырыпта екі бірдей зерттеу жұмыстары жарияланды. Екеуінде де ғалымдар мұхиттардың еру процесін тоқтатудың мүмкін еместігін жазған.
Алғашқы зерттеуді жүргізген Вашингтон университеті ғалымдарының айтуынша, Амундсен теңізіндегі ірі Туэйтс мұздығы 2-3 ғасырдан соң толығымен еріп, теңіз деңгейі 0,6 метрге көтеріледі. Осының салдарынан басқа мұздықтар да жылудың ықпалына ұшырап әлемдік мұхиттардың деңгейі тағы 2,5 метрге дейін көтеріледі.
Мұндай деректерді Ғарыш кеңістігін зерттеу және әуеде ұшу жөніндегі ұлттық басқармасының (NASA) мамандары да жариялады. Олар Амундсмен теңізін 40 жыл бойы бақылаудың нәтижелеріне жүгіне отырып, жергілікті мұздықтардың еруін тоқтату мүмкін емес екенін айтады. Сонымен қатар, NASA мамандарының айтуынша, негізгі мұздықтар ерігеннен кейін теңіз деңгейі бірден 1 метрге дейін көтеріліп, еру процесі қалған мұздықтарға да беріледі.
Ғалымдардың айтуынша, мұздықтардың осыншалықты тез еруіне табиғи факторлардың әсер етуі көрінеді. Біріншісі – мұхит түбінен жылы судың желмен көтерілуі. Бұған қоса, ғаламдық жылынуға адамның әсері де өте жоғары.
Ғалымдар бұған дейін де Арктика мен Антарктикадағы мұздықтардың еритінін талай рет айтып келді. Бұған себеп – ауадағы газ буларының шамадан тыс артуы. Ауамен қатар, судың да температурасы артып, теңіз деңгейі 100 жылда шамамен жарты метрге дейін көтеріледі.
Дереккөзі: bnews.kz