Астана. 14 мамыр. Baq.kz – Көптеген оқу орындары ғылыми-техникалық прогрестен қалып барады, - деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Бұл туралы бүгін ОКҚ-ның «Экономика салалары арналған техникалық және кәсіби жоғары білім беру жүйесіндегі кадр даярлаудың сапасы мен перспективалары туралы Парламенттік тыңдау өткізу» тықырыбындағы брифингі барысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Уәлихан Бишімбаев хабарлады.
- «Жас Отан» зерттеу орталығының Жастар Қанаты мектеп бітіруші түлектердің арасында анкета жүргізу арқылы өткізген сауалнамасында жауап берушілердің 9 пайызы ғана кәсіби техникалық мамандық алғылары келетіндігін көрсеткен. Осыдан еңбек нарығында теңсіздік туындайды. Сонымен қатар, кәсіби білім беретін колледждер мен ЖОО-ларды салыстырсақ олардың барлығының бірдей екендігін, бір-біріне бәсеке тудыратын деңгейде еместігін көреміз. Яғни, еңбек нарығында бәсекеге қабілетті мамандар аз деген сөз. Көптеген оқу орындары ғылыми техникалық прогрестен қалып барады. Әлі күнге дейін ескі бағдарламалармен оқытатын ЖОО-лар жеткілікті. Мысалы, машина құрастыру мамандығының студенттері әлі күнге дейін 80-90 жылғы оқулықтармен оқытылып келеді, - деді.
Әлемнің әлдеқашан алға қаратай озып кеткендігін айтқан ол:
- Негізі ЖОО-лар мен колледждер өздері дайындаған кадрларды жұмыспен қамтамасыздандыру керек. Қазіргі уақытта оны ешкім қадағалап жатқан жоқ. Бұрын қатты мониторинг жүргізілетін. Осы мониторингті жандардыру қажет. Жауапкершілік деген болу керек. Егер студентке сапалы білім берілген болса ол еңбек нарағында өз орнын табады, ал егер оған сапасыз білім берген болса ол үшін біреу жауапкершілікке тартылуы тиіс, - деп атап өтті депутат.
Дереккөзі: baq.kz