Ғылыми жаңалықтар

Қазақстан білімді қаржыландыруда ЭЫДҰ елдері көрсеткіштеріне жетті

15.05.2014

4869

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан білім беру саласында қаржыландыруда Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы елдерінің көрсеткіштеріне жетті. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Уәлихан Бишімбаев мәлім етті.

«Қазақстанда білім беру мен мамандар дайындауда біздердің ЭЫДҰ елдері көрсеткіштеріне қол жеткізуіміз үшін барлық жағдай жасалуда. Бүгінде ЖІӨ-нің шамамен 4 пайызы білім беруге бөлінеді. Ал ЭЫҰД елдерінде білім беруге 4,5 пайыз шығындалады. Яғни, біз бұл көрсеткішке жетіп қалдық», - деді ол.

Оның айтуынша, соңғы 7-8 жылдың ішінде еліміздегі білім беру саласына құйылған қаржы еселеніп, 1,5 трлн. теңгеге жеткен.

«Біздің міндетіміз - жұмыс беруші мен өндірістің білім беру жүйесімен бірлесе жұмыс атқарып, тығыз байланыста болуы үшін білім берудегі теңсіздіктерді шешуде оларның себептерін анықтау. Біздерге жұмыс беруші қаржы құюуы үшін кадрларды дайындауда білім мен жұмыс берушінің тең жауапкершілігі жүйесін құру қажет. Жетекші елдерге білім саласында 30 пайызға дейін қаржы құйылса, бізде ол шамамен 1 пайызды ғана құрайды», - деді У.Бишімбаев.

Автор: Марлан Жиембай

Дереккөзі: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар