АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Орал қаласындағы драма театрда «ҚаИИТУ» ғылым-білім кешені өкілдерінің қала жұртшылығымен, студенттермен, мектеп пен лицей оқушыларымен есепті кездесуі өтті.
Кездесу барысында «Қазақстан-2050», «Экспо 2017» ұлттық бағдарламаларды орындау аясында ҒБК ғылыми-инновациялық қызметінің жұмыстары айтылды. Бүгінгі күні ғылыми кешен құрамына ІТ технологиясы мен инновациялық технологиялар саласындағы өзекті әзірлемелермен айналысатын ЖОО, екі колледж, 2 ғылыми зерттеу институты кіреді. Кешенде 12 мыңнан астам студент білім алуда, оның ішінде мыңға жуығы Ақтөбе облысынан.
-ҚазИИТУ бүгінде «Экспо 2017-ге» дайындық бойынша келешекте энергетиканы дамыту жобасы бойынша басты назарда. ҚазИИТУ аумағында күн энергиясын электр энергиясына айналдыруға қабілетті жел қондырғылары, құрамдас күн-жел қондырғылары, күн жинақтамалары бар. Осылайша біз халыққа, студенттерге келешектегі энергия қажеттілігін жеткізгіміз келеді.
Келешекте мұнай мен газ ресурстары таусылатын сәт туады. Қазақстанда жаңартылған энергия көздерін дамыту қажет, перспективалық энергетикаға күн, жел энергиясы, сондай-ақ басқа да энергия көздері жатады, деді ҚазИИТК ҒБК ректоры Сайрамбек Ахметов.
Келешектегі энергетикадан басқа ғылыми кешен нанотехнология, робот техникасы, ғарыш технологиясын дамытумен айналысады.
Мысалы, кездесу алдында студенттер жұмысының көрмесі ұйымдастырылды. Зертхана хайтегінде олар сандық микроскоп, 3D принтер, телефондық дыбысты өшіргіш, виртуалдық сағаттар, виртуалдық лазерлік пернетақта және т.б. жасап шығарды.
Ғылыми әзірлемелер ЖОО-ның инженерлік қажеттілігі үшін пайдаланылады, сондай-ақ өндіріске енгізілуде, атап айтқанда ЖОО бағдарламалық қамтамасыз етуді әзірлеу үшін оралдық «Гидроаспап» зауытымен ынтымақтастықта.
Дереккөзі: inform.kz