Ғылыми жаңалықтар

Америка ғалымдары ағзаны қалпына келтіретін материал ойлап тапты

14.05.2014

4526

Америка ғалымдары бұзылған заттарды өздігінен қалпына келтіруге арналған материал ойлап тапты, деп хабарлайды Naked Science зерттеу орталығы. Мысалы, телефонның экраны немесе теннис ракеткасы сынса, осы материал автоматты түрде сынған бөлікті қалпына келтіреді.

Жаңа материал үлкендігі 3 см саңылауларды өздігінен жамайды.

Адам ағзасындағы қанды қоюландыру жүйесі мамандардың қызығушылығын туғызды. Жаңа полимердің құрамында бірқатар капиллярлар бар, ол арқылы дененің зақымданған бөліктеріне қажетті химиялық заттар жетеді. Ғалымдар көптеген жылдар бойы жараланған ішкі органдарды өздігінен қалпына келтіретін материал ойлап табуға әрекет етіп келеді.

Бұл саладағы ең үлкен жетістікке 2001 жылғы Иллинойс университетінде қол жеткен болатын. Профессор Скотт Уайт пен оның ұжымы полимерге ағзаны тірілтетін затқа ие микроскопиялық капсулаларды енгізеді. Ағзаның бір бөлігі зақымданған уақытта химиялық заттар саңылауларды автоматты түрде өздігінен бітейді. Ал бүгінге дейін қолданылған материал тек кішкене жараларды ғана жазып келген.

Үлкен жараны қалпына келтіру үшін Скотт Уайттың жұмыс тобы артерия және вена тамырларына ұқсас жаңа тамыр жүйелерін қолданған. Бұл химиялық заттар жараға екі бөлек жолмен жетеді, сонан соң жараның орны екі сатылы реакцияның көмегімен бітеледі. Әуелі химиялық заттар зақымданған орында гельді жабын түзіп, біртіндеп қата бастайды.

Мамандардың айтуынша, бұл материал болашақта медицина саласында көп пайдасын береді. Болашақта осының негізінде өздігінен түзілетін су құбырларын және автомобиль капоттарын жасап шығару мүмкін болады, ал ғарышқа ұшырылатын жер серіктері сынған уақытта өзін-өзі жөндейтін деңгейге жетеміз.

Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар