АСТАНА. ҚазАқпарат - Ғалымдар ақыл деңгейін арттыратын ген ойлап тапты. Олардың айтуынша, осы геннің көмегімен ақыл-есі кемдігі бар адамдарды құтқаруға болады.
Аталмыш генмен өңделетін ақуыз синтез жасауға беріледі де, деменцияны және альцгеймерді емдейді, ол адамның ойлау қабілетін күшейтіп, есте сақтау қабілетін арттырады.
Ақуыз нейрондар арасындағы байланыстың күшін арттырады деген негіз бар, деп хабарлайды Meddaily.
Ақуыз IQ көрсеткішін алты деңгейге дейін көтереді. Адамда ақуыз нұсқасының (KL-VS) бір көшірмесі болса, ол ұзақ өмір сүреді, ал екі көшірмесі болса, өмірі қысқарып, қан шабу қаупі артады.
Үш зерттеу жұмыстары аясында ғалымдар 52-85 жас аралығындағы 700-ден астам адамның ақуыздарына тест жүргізген. Еріктілердің ешқайсысында бастапқыда деменция белгілері болған жоқ. 20-25 пайызында KL-VS бір көшірмесі болды, олар басқалдарға қарағанда, тестті жақсы еңсерді. Алайда, жастың ұлғаюына қарай KL-VS 1 көшірмесі бар-жоқтығына қарамастан, когнитивтік тестің көрсеткіштері нашарлады.
Дереккөзі: inform.kz