Ғылыми жаңалықтар

АҚШ-та мимен басқарылатын протез шығарыла бастайды

12.05.2014

4552

АҚШ-тың азық-түлік өнімдері мен медикаменттерді санитарлық бақылау басқармасы ми импульстарымен басқарылатын адам қолының протезін тәжірбиеде қолдануды мақұлдады, деп хабарлайды РОСБАЛТ.

Осыдан сегіз жыл бұрын американдық DARPA агенттігі DEKA деп атаған осындай құрылғыны жасап шығарған болатын. Содан бері мұндай протездердің түр-түрі құрастырылды.

Ал бұл АҚШ-тың федералды билігі қолдаған алғашқы құрылғы болып табылады, деп жазады ВВС. Яғни мұндай протез сынақ түрінде емес, жаппай қолданылысқа енгізілмек.

Дереккөзі: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар