Ғылыми жаңалықтар

ҚазАТУ «Жастар жалыны-2014» фестивалінің жеңімпазы!

04.05.2014

5586

АСТАНА. ҚазАқпарат - Кеше Астана қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының бастамасымен елорданың жастар саясатын қолдау мемлекеттік қорының ұйымдастыруымен жоғары оқу орны студенттері арасында ауқымды көлемде «Жастар жалыны-2014» телевизиялық жастар шығармашылық фестивалінің қорытынды гала концерті өтті.
Аталмыш шараға бас қаладағы ЖОО-ындағы үш мыңға жуық студент қатысты, деп хабарлады ҚазАТУ баспасөз қызметі.

Байқау ереже бойынша 7 аталым арасында бәйгеге түскен болатын. Олар: «Эстрадалық ән», «Халық биі», «Үздік жанкүйерлер», «Үздік студент-блогер», «Жайдарман», «Жыр байқауы» және «Фотобайқау» аталымдары..

Үш аптаға созылған фестивальда қазылар алқасының шешімімен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті бас жүлдені жеңіп алды. «Сондай-ақ, біздің университет 5 аталым бойынша үздік атанды. Олар: «Эстрадалық ән» аталымында Құлмағанбетов Дамир және «LIFE» тобы «Өмір» әнімен алға шықты, «Халық биі» аталымында «Шаттық» би ансамблі (көркемдік жетекшісі А.Ш.Шамшиев) монғол биімен жеңімпаз атанса, «Жайдарман» аталымында «Аграрка Сарбаздары» (жетекшісі Сахария Баянды), «Жыр байқауында» үздік ақын агрономия факультетінің 2 курс студенті Нұрбала Алдамжарова ие болды. «Фотобайқау» бойынша экономикалық факультеттің 4 курс студенті Дамир Мақышев ІІІ орын алса, «Үздік студент-блогер» аталымы бойынша КЖжКББ факультетінің 2 курс студенті Бейбарыс Әміржанов ІІ орынды иеленді. Сондай-ақ біздің оқу орнымыз «Үздік жанкүйерлер» аталымында да үздік шықты», - делінген жоғары оқу орнының баспасөз баянында.

Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында «Жастар жалыны-2014» фестивалінің салтанатты жабылу рәсіміне арналған гала концертінде байқау жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

Дерерккөзі: http://www.inform.kz/kaz/article/2654066

«« | »»
Соңғы жаңалықтар