Ғылыми жаңалықтар

Бүгін Күн тұтылады

29.04.2014

5962

Бүгін Астана уақытымен 10 сағат 57 минутта Күн тұтылады.

Небәрі 6 минутқа созылатын құбылыс кезінде Күннің бетін Ай көлегейлеп, Жер ғаламшарына Күн сақина тәрізді болып көрінеді. Бұл құбылысты негізінен Антарктида мен Австралия тұрғындары анық көре алады. Әсіресе, Тасмания аралының тұрғындарына Күн тұтылуының төрт түрлі (суретте- Авт.) құбылысын тамашалауына мүмкіндік бар. Жердің өзге бөліктерінен Күннің тұтылуы жартылай байқалады.

Ғалымдар Күн тұтылуы кезінде Күнге тіке қарамауға кеңес береді. Себебі, Күн сәулесінен бөлінетін ультракүлгін сәулелер көзге зақым келтіруі мүмкін.
Айта өтейік, Жер тұрғындары Күн мен Айдың тұтылу сәттерін биылдыққа 2 реттен тамашалай алады. Естеріңізде болса, осы жылдың 15 сәуірі күні Ай тұтылған болатын. Айдың келесі тұтылуы 8 қазанға, ал Күннің ендігі тұтылу құбылысы 23 қазанға сәйкес келеді.


Дереккөзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар