Ғылыми жаңалықтар

БАӘ-де алғашқы ғарыш туристі атануға байқау жарияланды

23.04.2014

5295

БАӘ-нің Aabar инвестициялық компаниясы жексенбі күні бірінші ғарыш туристі атану құқығына ие болатын жанды анықтау үшін Әмірлік азаматтарының арасында байқау жариялады.

«Aabar мен Virgin Galactic БАӘ азаматы үшін SpaceShipTwo бортында ғарышқа ұшуға арнайы билет бөліп отыр».

Айта кетейік, билеттің құны – 250 мың доллар. БАӘ-нен ғарышқа ұшатын бірінші туристі іріктеу талаптары жақын арада жарияланады.

Virgin Galactic компаниясы суборбиталық ғарыш кемесінің бірінші коммерциялық рейсін 2014 жылдың ішінде жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Компанияның мәліметтері бойынша, сынақ пен сертификаттаудан өтіп жатқан SpaceShipTwo кемесінің бортына алты жолаушы мен екі ұшқыш алынады. Осыған дейін ғарыш сапарының 150 минутқа жалғасатыны хабарланған болатын.

Virgin басшысының сөзіне қарағанда, бұл сапарға әлден-ақ 58 елден 700 адам ұшу билетін брондап қойған.

Мәлімет көзі: today.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар