Ғылыми жаңалықтар

ХАТУ студенттері халықаралық ғылыми конференцияда 2-орынды иеленді

23.04.2014

5567

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің екітстуденті Ломоносов атындағы ММУ халықаралық ғылыми конференциясында 2-орынды иеленді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Х мерейтойлық халықаралық ғылыми конференция ММУ-дың қазақстандық филиалында өтті. Оған 50-ден астам ЖОО студенттері қатысты.

Биылғы жылы Мұқай Ерсiн мен Дәуірхан Мұхит ММУ филиалының бір ғана баяндамасын алға жіберіп, 2-дәрежелі құрмет дипломының иегері атанды.

«ХАТУ студенттері бұл шараға үшінші жыл қатарынан қатысып келеді. Халықаралық конференцияның деңгейі өте жоғары. Мұнда Қазақстанның ғана емес, ТМД елдерінің жоғары оқу орындары бақ сынауда. Өткен екі жылда біздің студенттер жүлделі үшінші орыннан көрінді, енді келесі жылы бірінші орынға лайық екенімізді дәлелдейміз деген сенімдемін», - деді ХАТУ ректоры Дамир Шыныбеков.

Источник: bnews.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар