Ғылыми жаңалықтар

Жапондық ғалым мейірімділік сыйлайтын көзілдірік ойлап тапты - ФОТО

22.04.2014

5256

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық ғалым мейірімділік сыйлайтын көзілдірік ойлап тапты.
Шетелдік БАҚ хабарлағандай, бұндай арнайы гаджетті Цукуба университетінің профессоры Хиротако Осаво ойлап тапқан. Жасанды көз жыпылықтай алады, адамдарды көзбен шығарып сала алады, сонымен қатар көз қыса алатын қасиетке ие. Адам қанша жерден ашуланып немесе ренжіп тұрса да, осы жасанды көзілдірікті кию арқылы басқаларға мейірімін көрсете алады. Ғалымның айтуынша, оның көзілдірігі адамдармен жақсы қарым- қатынасты ұстауға септігін тигізеді, көзілдірікпен көзді жасырып тұру арқылы адамдарда сенімділік пайда болатын көрінеді. Сондай-ақ бұл көзілдірік дәріс кезінде ұйқыға кететін студенттер үшін де қолайлы, себебі қанша жерден ұйықтап отырса да, ол «виртуальды көзқараспен» профессорға қарап отыра алады.

Источник: inform.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар