Ғылыми жаңалықтар

Зиянды азық-түлік жеген адам еріншекке айналады

22.04.2014

4709

Дұрыс тамақтанбау еріншектікке әкеп соғады. Зерттеу жүргізген ғалымдар осындай шешімге келді, деп жазды шетелдік БАҚ.
Калифорния Университетінің мамандары кей азық-түлік адамның еріншектік қасиетін тудыруы мүмкін екенін анықтады. Ғалымдар жануарлармен зерттеу жасаған.

Тышқандардың бір тобын жарты жыл жоғары концентрациялы қанты бар тағамдармен, ал қалғандарын пайдалы азық-түлікпен тамақтандырған. Нәтижесінде, зиянды тағамды пайдаланған тышқандар артық салмаққа ие болды.

Ал 6 айдан соң сарапшылар бұл жағдай жануарлардың ынтасына да әсер еткенін байқаған. Кеміргіштердің барлығын тәтті суға қол жеткізулері үшін алдын ала бір тетікке басуды үйреткен.

Дұрыс тамақтанбаған тышқандар көп кідіріс жасап, бұл тапсырманы орындай алмаған.

Источник: http://lite.bnews.kz/kk/news/post/10777/

«« | »»
Соңғы жаңалықтар