Ғылыми жаңалықтар

«Астана Innovations» жас ғалымдарды қолдайды

21.04.2014

4710

Семинар жұмысына С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің ғылым және инновациялар жөніндегі орынбасары Л.Ү.Садықова, «Астана Innovations» АҚ-ы Басқарма төрағасының орынбасары Д.М.Досымқұлов және Инкубациялау департаментінің басшысы С.Р.Үткелбаевлар қатысты. Семинарға қатысқан 120 адамның денін студенттер мен магистранттар құрады.

Баcқосуда «Астана Innovations» АҚ-ы өкілдері Астана қаласы аумағындағы жүзеге асқан және жұмыс істеу кезеңдегі инновациялық жобалар туралы мәлімет жұртшылықпен бөлісті. Өз кезегінде тыңдаушылар семинарға айрықшы қызығышулығын танытып, шараны ұйымдастырушыларға қаржыландыру шарттары, ТБИ бағдарламаларының конкурсына қатысудағы жас ерекшеліктері мен өзге шектеулер туралы көптеген сұрақтар қойды.

www.agun.kz

«« | »»
Соңғы жаңалықтар